Алматы ең арзан қалалардың бестігіне енді

Алматы ең арзан қалалардың бестігіне енді
Фото: massaget.kz

Economist Intelligence Unit (EIU) сарапшылары қонысы мен тұрмысы ең қымбат және ең арзан ірі қалалардың тізімін жасады. Индексі 100-ге тең Нью-Йорк қаласындағы нарық эталон есебінде қабылданған. Аталмыш тізімде Гонконг, Цюрих және Париж ең қымбат қалалар көшін бастады.

Әлемдегі ең қымбат 10 қала

"Коронавирус пандемиясы АҚШ долларын әлсіретті, ал еуро мен Азия валюталары күшейді. Бұл фактор тауарлар мен қызметтердің бағасына әсер етті", - дейді EIU өкілі Упасана Датт.

Ең қымбат 5 қала:

1. Цюрих, Париж,  Гонконг;

2. Сингапур;

3. Тель-Авив;

4  Женева және Нью-Йорк;

5. Копенгаген және Лос-Анджелес.

Бұған дейін әр жылы Сингапур аталмыш тізімде бірінші орынды иеленетін. Биыл, Сингапурда бағаның төмендеуі шетелдік жұмысшылардың елден кетуімен байланысты болған.

Жаңа рейтингіде Алматы ең арзан 5 қаланың тізіміне еніп, 33 индекспен 129 орыннан көрінген.

Сондай-ақ ең арзан қалалардың қатарында Дамаск (Сирия), Лусака (Замбия), Каракас (Венесуэла) және Ташкент (Өзбекстан) бар.

EIU сарапшылары бұл тізімді құру кезінде азық-түлік пен киім-кешектен бастап тұрғын үйді жалға алуға және жеке мектептердегі балаларды оқытуға дейінгі тауарлар мен қызметтердің 138 түрінің құнын ескерген.

Т. Раушанұлы