Қала шамдарының адам денсаулығына зияны анықталды

Қала шамдарының адам денсаулығына зияны анықталды
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

АҚШ ғалымдары түнгі аспанды спутник арқылы зерттеп, қала шамдары тарататын жасанды жарықтың адам денсаулығына зиян екенін анықтады.

Жасанды жарықтың адамның ұйқысы мен денсаулығына кері әсер ететіні қазірдің өзінде дәлелденді.

Қала шамдарының негізгі жарығы көшені жарықтандыруға емес, жарнама, бағдаршам, ғимараттар, автотұрақтар мен спорт алаңдарын жарықтандыруға жұмсалады.

"Адамдар климаттың төтенше жағдайлары туралы айтады, бірақ олар жарықтан шыққан токсиндерді ешқашан ескермейді. Кешке қосымша шамдарды өшіру электр қуатын да, энергияны да үнемдеуге мүмкіндік береді", - дейді Германия геологиялық қызметінің дәрігері.

Халықаралық Dark Sky қауымдастығы жасанды жарықтың дұрыс бағытталмауы оның 35 пайызының босқа кетуіне себеп болады деп есептейді. Америка Құрама Штаттары әр кеш сайын көшелер мен ғимараттарды жарықтандыруға 3 миллиард доллар жұмсайды.

Қала шамдарының жарығынан адамдардың көпшілігі түнгі табиғи қараңғы аспанды ешқашан көрмейді. 2016 жылғы зерттеуге сәйкес, әлем халқының 80 пайызы түнгі аспанның табиғи күйін көре алмайды.

Т. Раушанұлы