АҚШ-тың қайта сайлана алмаған 9 президенті

АҚШ-тың қайта сайлана алмаған 9 президенті
Фото: etoton.com

АҚШ-та кезекті президент сайлауы өтіп, қазіргі республикашыл Дональд Трамп пен бұрынғы вице-президент демократияшыл Джо Байден негізгі кандидат болды. Әдетте жеңімпаз сайлаудан кейінгі күні белгілі болатын. Бірақ бұл жолғы жеңімпаз сайлау басталғаннан бес күн өткенде ғана белгілі болды.  Биыл сайлаушылардың саны рекордтық дәрежеде көп болып 160 миллионға шықты. Дауыс беру коронавирус пандемиясына байланысты пошта арқылы жүргізілді.

©zn.ua

Сайлау қорытындысы бойынша АҚШ президенті болып Джо Байден сайланды. Осылайша, Дональд Трамп АҚШ президенті сайлауы тарихында екінші рет үміткер болып, жеңілген, "жолы болмағандардың" тізіміне енді. Трамптан бөлек мұндай тізімде тағы сегіз президент бар.

©greelane.com

Джон Куинси Адамс. АҚШ-тың 6-шы президенті (1767-1848)

(АҚШ-ты 1825-1829 жылдар аралығында басқарды)

Джон Адамс, АҚШ-тың екінші президенті Джон Адамстың ұлы. Гарвард университетінде заңгер мамандығы бойынша оқыған. 1888 жылғы сайлауда Эндрю Джексоннан екінші сайлауда ұтылып қалды. Бірақ Адамс өмірінің соңына дейін саясатпен айналысты.

©thoughtco.com

Мартин Ван Бюрен. АҚШ-тың 8-президенті (1785-1862)

(АҚШ-ты 1837-1841 жылдар аралығында басқарды)

АҚШ-тың 8-ші президенті голландиялық иммигранттардың отбасында туып, заңгер мамандығы бойынша білім алған. Саясатқа араласқан кезде ол алдымен сенатор, кейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы және Ұлыбританиядағы елші қызметін атқарды. 1840 жылғы сайлауда екінші мерзімге қайта сайлана алмады. Бюрен 1844 және 1848 жылдары да президенттікке үміткер болған. 1848 жылы ол соңғы жеңілісінен кейін зейнетке шықты.

©mentalfloss.com

Стивен Гровер Кливленд. АҚШ-тың 22-президенті (1837-1908)

(АҚШ-та екі рет президент болған. Біріншісінде 1885-1889 жылдары, екінші мерзімінде 1893-1897 жылдары АҚШ-ты басқарған).

Стивен Кливленд екі рет президент болғанымен, 1888 жылғы сайлауда Бенжамин Харрисоннан жеңіліп қалған. Бірақ кезекті 1892 жылғы сайлауда тағы да үміткер болып, жеңіске жетті. Осылайша, ол екі рет АҚШ президенті болған жалғыз көшбасшы атанды.

©etoton.com

Бенжамин Харрисон. АҚШ-тың 23-ші президенті (1833-1901)

(1889-1893 жылдар аралығында АҚШ-ты басқарды)

Бенжамин Харрисон – АҚШ-тың 9-шы президенті Уильям Харрисонның немересі. Мамандығы – заңгер. Ол АҚШ-ты 1889-1893 жылдары басқарды, 1892 жылғы сайлауда Стивен Гроверден Кливлендтен ұтылды.

©etoton.com

Уильям Ховард Тафт. АҚШ-тың 27-ші президенті (1857 – 1930)

(АҚШ-ты 1909-1913 жылдары басқарды)

Судьялар отбасында туып-өскен Тафт заңгер мамандығы бойынша тәлім алған. 4 жыл президент болған Тафт 1912 жылғы сайлауда Вудроу Уилсоннан жеңіліп қалды. Осыдан кейін ол біраз жыл Йель университетінде заңтану пәнінен сабақ берген.

©fayobserver.com

Герберт Кларк Гувер АҚШ-тың 31-президенті (1874 – 1964)

(1929-1933 жылдары АҚШ-ты басқарды)

АҚш-тың 31-ші президенті ұста отбасында дүниеге келген. Ол Стэнфорд университетінде геология саласын меңгерген. Гувер мемелекетті ел үшін ең қиын кезең болған экономикалық және қаржылық дағдарыс жылдары басқарды. Сайлауда екінші мерзімге Франклин Рузвельттен ұтылған Гувер саясатта қалды және біраз жыл түрлі қызметтер атқарды.

©24smi.or

Джералд Форд. АҚШ-тың 38-ші президенті (1913 -2006)

(АҚШ-ты 1974-1977 жылдары басқарды)

Джеральд Форд Йель университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған. Форд алғашында Никсон әкімшілігінде вице-президент болып тағайындалды. Никсон отставкаға кеткенде, оның орнына Форд келді. 1976 жылғы президент сайлауында Джимми Картерден жеңіліп қалды. 

©iz.ru

Джимми Картер. АҚШ-тың 39-шы президенті (1924 жылы туған)

(АҚШ-ты 1977-1981 жылдары басқарды)

Джимми Картер Джорджия технологиялық институтында, содан кейін Әскери-теңіз академиясында оқыған. 1976 жылғы президент сайлауында жеңіске жетті. 1980 жылғы екінші мерзімге сайлауда Рональд Рейганнан жеңіліп қалды. Осыдан кейін ол саясатта қалып, әртүрлі қызмет атқарды.  

©russian.rt.com

Үлкен Джордж Буш. АҚШ-тың 41-ші президенті (1924-2018)

(АҚШ-ты 1989-1993 жылдары басқарды)

Үлкен Джордж Буш Йель университетінде экономика мамандығы бойынша оқыған. Ол саясатқа келгенге дейін көптеген жыл бойы әскери ұшқыш болған. 1992 жылғы сайлауда Билл Клинтоннан жеңіліп, 1993 жылы 20 қаңтарда орнын босатты.

Демек, демократиялық елде президенттің жеңілісі жаңалық емес. Трамптың жеңілісі де кездейсоқтық емес.

Т. Раушанұлы