Арктика мұзы 2050 жылдары жойылып кетеді

Арктика мұзы 2050 жылдары жойылып кетеді

Германиядағы Потсдам ауа-райын бақылау институтының зерттеушілері еріп жатқан Гренландия, Батыс Антарктида және Арктика мұздарының климатқа әсерін зерттеді.

Қазіргі кезде адам және өндірістік кәсіпорындар ауаның қалыпты градустан 1,5°С-қа артуына әсер етіп жатыр. Мұздың еруі жаһандық климатты қалыптыдан 0,43°C-қа дейін жылытады.

Еріп жатқан мұздықтардың бестен бір бөлігі Арктикада. Осы мұхит мұзы ғасырдың ортасына қарай жойылып кетуі мүмкін. Бұл ғаламдық жылынуды одан әрі жеделдетеді. Мұндай жағдайда да Қытайдың ауаның ластануын қалыпқа келтіру әрекеттері нәтиже бермейді.

Мұздың еруі қауіпті ме?

Ең негізгісі, аталмыш мұздық әлемдегі экожүйенің маңызды бір бөлігі саналады. Себебі мұхит мұзы Күн сәулесін шағылыстырып, ғарышқа қайтарады. Осылай ғаламшарымызды ысып кетуден сақтайды. Гренландия мұздығы да осындай қызметті атқарады.

Гренландия мен Батыс Антарктидада мұз қабаттары да қайта қалпына келмейтін дәрежеде еріп кеткен. Ғалымдардың пайымдауынша, жедел шара қолданбаса, 1,5 жылдан кейін бұл апаттың алдын алу мүмкін болмай қалады. Алайда зерттеушілер адамзат теңізге ағатын қалдықтарды азайтса, мұздықтардың қалғанын сақтап қалуға болады деп санайды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"