Монти – себет тістеп сауда жасайтын ақылды ит

Аустралиядағы Квинсленд қаласында бір жасы жеткен қария тұрыпты. Оның "Монти" есімді лабрадор тұқымдас иті болған екен. Қария үнемі итін ертіп, дүкен аралайтын көрінеді. Күнделікті керек-жарақ, азын-аулақ азық-түлік алу үшін деген сияқты. Ол үнемі алған затын себетке салып, оны Монтиға тістетіп, көтертіп қояды екен...

Бірде қария таңертең дүкен аралауға шамасы жетпей, себеттің ішіне керек заттар тізімі мен қажет ақшасын салып, Монтиді жұмсайды. Қожасының жетектеуінсіз өзі келген иттің себетіндегі тізім бойынша алғашқы дүкенші керек нәрсесін салып, ақшасын алып қалады. Сосын, Монти келесі дүкенге бас сұғады, оның қожасы да итпен дұрыс сауда жасайды. Сөйтіп, аз уақытта ақылды Монти қарияға керек бар затты сатып алып келеді.

Қария ұзақ сырқаттанып, аяғынан тұрып кеткенше зыр жүгірген Монти кейін де өздігінен сауда жасап тұрған екен. Ақылды итті аз уақытта бүкіл қала жұртшылығы танып, құрметпен қарайтын болған деседі.

Күндердің күнінде әр қадамын санап басып, себетін сүйретіп дүкенге қарияның өзі келеді. Оны көрген жұрт жапа-тармағай Монтиді сұрасады. Әжімді бетін жас жуған қария, кемсеңдеп тұрып, адал досы, қолқанаты әрі жалғыз жанашыры Монтидің кәріліктен көз жұмғанын жеткізеді. Сол жерде суық хабарды естіген біраз адам көзіне жас алады.

Бұл қайғылы оқиғадан хабардар болған қала жұрты көп ұзамай, қаржы жинап, Монтидің құрметіне үнемі азық-түлік алатын супермаркеттің алдына аузында азық толы себет тістеген иттің қола мүсінін орнатқан екен.

Қанат Ескендір