Тираннозавр қаңқасы 31,8 миллион долларға сатылды

Тираннозавр қаңқасы 31,8 миллион долларға сатылды
Фото: pikabu.ru

67 миллион жыл бұрын өмір сүрген тираннозавр қаңқасы Christie’s аукцион үйінде рекорд сома – 31,8 миллион долларға сатылды.

Аукцион үйінің хабарлауынша, Стэн деген лақап атпен танымал тираннозавр бастапқыда 6-8 миллион долларға бағаланған.  

Сатылған қаңқа – 188 сүйектен тұратын тираннозаврлардың ең толық және жақсы сақталғандарының бірі, делінген хабарламада. Оны 1987 жылы әуесқой палеонтолог Стэн Секриссон Оңтүстік Дакотадағы қазба жұмыстары кезінде тапқан. Бастапқыда онтогенез өсімдік трицератоптары динозаврына жатады деп ойлаған. Ғалымдар оны тираннозавр қаңқасы деп 1992 жылы ғана қорытынды жасаған.

Сарапшылар табылған тираннозавр 7-8 тонна болған деп есептейді. Бұл Африка пілінің салмағынан екі есе ауыр. Оның тістері 27 см.

Бұған дейін рекорд баға 1997 жылы сатылған тираннозавр қаңқасына тиесілі еді. Ол кезде аукционда тираназавр Чикагодағы дала табиғаты музейіне 8,36 миллион долларға сатылған.

Т. Раушанұлы