Вегетариандар туралы 10 дерек

Вегетариандар туралы 10 дерек

Бүгін дүниежүзілік вегетариандар күні. Мұны 1977 жылы Солтүстікамерикалық вегетариан қауымдастығы ұсынған. Кейін 1978 жылы мерекені енгізу идеясын Халықаралық вегетариандар одағы қолдады. Осыған орай вегетариандар туралы қызық деректерді ұсынамыз.

♦ Вегетариандардың алғашқы ұйымы Англияда 1847 жылы құрылған.

♦ Вегетариандардың көбі Үндістанда тұрады.

"Вегетариан" сөзі ХІХ ғасырда пайда болды. Оған дейін еттен бас тартқандарды "пифагоршылар" деп атаған. Себебі математик тек көкөністерді жеген екен.

 Веган (Vegan) – вегетариандықты қатты ұстанатын адам. Олар ет, сүттен бөлек жануарлардан өндірілетін басқа заттар мен қоспаларды (мысалы, желатин немесе кармин) тұтынудан бас тартады.

Еттен бас тарту трендке айналса

 Ұлыбританиялық психолог Хэнк Ротгербердің зерттеуінше әрбір үшінші вегетариан ішімдікке тойып алғанда өз ұстанымдарынан бас тартады.

 Кангатарлар – тек қана кенгурудың етін жейтіндер.

 Атақты вегетариандар қатарында Сократ, Платон мен Гиппократ, Леонардо Да Винчи, жазушылардан Марк Твен болған, бүгінгі заманның атақты вегетаринтары – Пол Маккартни, Чак Паланик.

 Әр бес вегетарианның төртеуі алғашқы бір жыл ішінде ет өнімдерін пайдалануға қайта оралады.

 Англия азаматы вегетариан Том Парр тек көкөніс жеп 152 жыл өмір сүрген.

 Спортшы Билл Перл ет өнімдерін мүлде жемеген. Бірақ ол оған төрт дүркін "Mr. Universe" титулын жеңіп алуға кедергі бола қойған жоқ және ол соңғы жеңісіне 41 жасында жеткен.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?
Жүрекке пайдалы азық-түліктер
Жүрекке пайдалы азық-түліктер
Қазақстанның екі табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты тізіміне енеді
Қазақстанның екі табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты тізіміне енеді
Елде жалдамалы жұмысшылар құқығын қорғайтын заң мақұлданды
Елде жалдамалы жұмысшылар құқығын қорғайтын заң мақұлданды