Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті

Тынық мұхитындағы пластикалық қалдықтардан пайда болған "арал" өсіп келеді.

"Оның көлемін Франциямен салыстыруға болады", -  дейді океанограф Филипп Кусто мен оның жұбайы Ашлан Брок.

"Мұхитта 5 үлкен "қоқыс арал" бар. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен пластик қалдықтар жиналып жатыр. Ірі "қоқыс аралы" Тынық мұхитында орналасқан. Оның көлемі АҚШ-тағы Техас штатынан үлкен және Францияның көлемімен бірдей", - дейді Брок.

Филипп Кусто "қоқыс аралдар" көбіне өзендерден мұхитқа ағатын пластиктен пайда болатынын айтады. Ол EarthEcho халықаралық табиғатты қорғау қорының негізін қалап,  жастарды өзендерді пластик қоқыстардан тазартуға жұмылдыру жұмысын атқарады.