Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды

Израиль зергерлері әлемдегі ең қымбат медициналық маска жасады. Ол 18 караттық ақ алтыннан жасалған және мыңдаған гауһар тастармен безендірілген.

Бұл маска ең жоғары қорғаныс деңгейіне ие. "Ивел" зергерлік фирмасының иесі Исаак Леви оның құны шамамен 1,5 миллион доллар екенін айтқан.

Медициналық маска 3,6 мың дана ақ және қара алмастармен қапталған. Оның салмағы – 240 грамм, бұл әдеттегі медициналық масканың салмағынан 100 есе көп. Ол жоғары сапалы N99 сүзгісімен жабдықталған.

Мұндай қымбат медициналық маскаға АҚШ-та тұратын қытайлық кәсіпкер тапсырыс берген. Оның талабы бойынша, антиквариат маска 2020 жылдың аяғында дайын болып, әлемдегі ең қымбат маска атануы керек екен.