АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады

АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады
Фото: thetimes.co.uk

Қалталы америкалықтар коронавирус пандемиясының екінші толқынын жер астында өткізгісі келеді.

Жылжымайтын мүлік кәсіпкерлерінің қуанышы шексіз. Себебі, «ақырзаман теориясының» сирек кездесетін жанкүйерлері үшін жерасты бункерлерінің сатылымы төрт есеге артты. Қазір ауқатты отбасылар жерасты үйлерін сатып алып, коронавирустан сақтануға дайындалып жатыр.

COVID-19: Байлар жаппай бункер сатып алып жатыр

Стандартты бункерде өмірге қажетті жер асты бассейндерінен бастап балалар үшін оқу бөлмелерінен дейін бар. Бірақ қазір дүкенге баруды қажет етпейтін  меншікті "бақшасы" бар үйлердің нарығы қызған. Дайын аквапоника зертханасы бар жерасты үйлер көбірек сатылып жатыр. Себебі, бұл зертхана өсімдіктердің топырақсыз өсуіне мүмкіндік береді.

Photo: Survival Condo

"Бункер ауладағы жертөлеге ұқсамайды. Егер ол Жер бетінде орналасса, 15 қабатты ғимарат болар еді. Мысалы, Уичитодағы көп қабатты үйлер арасында бункерлер екінші орынға ие", - дейді  Survival Condo жобаларының иесі Ларри Холл.

Мұндай баспананың шаршы метрінің құны 35 мың доллардан басталады.

Photo: Vivos

Сарапшы бункерге деген сұраныстың артуын коронавирус пандемиясының екінші толқыны себеп болғанын айтады.

"Қазір жер асты үйлерін сататын фирмалар клиенттердің алдына шарт қойып отыр – жеңілдіктер мен бөліп төлеу алынып тасталды тек қолма-қол ақшамен төленеді, алдын-ала тапсырыс берілмейді. Бірінші ақшаны төлеген адам бункерге ие болады. Бункер индустриясына деген сенім "құлдырады". "Ақырзаман жанкүйерлері әскери форма киеді" деген стереотип жойылды. Қазір кәсіби дәрігерлер, заңгерлер және миллиардер кәсіпкерлер бункерлерге қызығушылық танытуда", - дейді Холл.

Photo: Survival Condo

Айта кетейік, пандемия басталғаннан бері бункерлерге деген сұраныс 1000 пайызға артқан. Forbes-тің мәліметі бойынша, тек осы жылдың өзінде америкалық Rising S Company компаниясы 150 000 доллар тұратын, толық жабдықталған және ядролық уды сүзуге қабілетті екі бункер сатқан.

Калифорниядағы Vivos компаниясы ресейлік қалталылар арасында бункерге деген сұраныс артқанын мәлімдеген.

Т. Раушанұлы