Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?

Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?

Кейінгі уақытта әлемдегі климат бұрын-соңды болмаған өзгеріске ұшырады. Мұздықтар еріп, теңіз деңгейі көтеріліп, ормандар өртеніп жатыр. Ал жабайы табиғатта тіршілік кешетін жан-жануарлардың өмір сүру аймағы жыл санап тарылып келеді.  Өкінішке қарай, мұндай келеңсіз жағдайлардың артында адам тұр.

©kp.kz

Табиғат та қол қусырып қарап отырған жоқ: адамзат тапаншамен атса, ол зеңбірекпен жауап қайтарады

Мамыр айында Женевада өткен баспасөз конференцияда БҰҰ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының өкілі Клэр Нуллис жыл басынан бері жүргізілген зерттеулер негізінде солтүстік жарты шардағы температура 2020 жылы рекордтық деңгейге көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Жаһандық жылынуға қатысты биылғы жылдың басты жаңалықтары

Ол коронавирус инфекциясының кесірінен жедел шаралар көре алмағандарын, адамзат алдағы ыстыққа дайын болуы керек екенін ескерткен.

Ыстықтан қорғануға мынадай ұсыныстар айтылған

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылатын жедел шаралар:

• сыртта серуендеу үшін күннен қорғайтын бас киім кию;

• жеткілікті мөлшерде су ішу;

• білекті салқын сумен ысқылау;

• аяқтағы қан айналымын жеделдету үшін спиртпен уқалау;

• маңдай мен иыққа мұз компрессін қою;

• Жарық немесе басқа жылу көздері бар электр аспаптары мен көлік құралдарын өшіру.

Интернетте жарияланған бұл нұсқаулықта коронавирус қаупін арттырмай сақтық шараларын ұстану керегі айтылған, өйткені ыстық ауа райы адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

©vegaprocity.com

Ғаламдық жылыну әлем картасын қалай өзгертеді?

Бүгінде солтүстік жарты шардағы мұз тез еріп барады. Өкінішке қарай, оны ешкім тоқтата алмайды.

Ғалымдар: жаһандық жылынудың алдын алу үшін жасанды қыс қажет

Christian Aid жариялаған баяндамада жаһандық жылынудың салдары адамзатқа айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін екені көрсетілген. Егер мұздықтар еріп кетсе, теңіз деңгейі орта есеппен 65 метрге көтеріледі. Бұл теңіз деңгейіне жақын қала мен елдердің су астына батып кететінін білдіреді.

Есеп бойынша, мұздықтар ерісе ең алдымен зардап шегетін мемлекеттің бірі –  Ұлыбритания.

Мына суреттен Ирландия мен Біріккен Корольдіктің жағалаулары су астында қалып, аралдар азайып бара жатқанын көресіз:

Англия қазіргі уақыт ©m.finansgundem.com

Мұздықтар ерігеннен кейінгі Англия ©m.finansgundem.com

137 жылда әлем қалай өзгерді?

NASA қауіптің ауқымын көрсету үшін 1880 жылдан 2017 жылға дейінгі климаттың өзгеруін көрсететін материалдар жариялады.

ХІХ ғасырдағы әлем картасы ©cevrehaber.com.tr

ХХ ғасырдағы әлем картасы ©cevrehaber.com.tr

Бұл жаһандық жылынудың қаншалықты жылдам өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Бұл нені білдіреді?

Ғалымдар 2050 жылға қарай мұздықтардың еруінен теңіз деңгейі 1 футтан 2,3 футқа көтерілетінін болжаған. Мұның салдарынан табиғи апаттар көбейеді, құрғақшылық болып, өсімдіктер жойылады және жан-жануарлардың өмір сүру аймағы айтарлықтай қысқарады.

©epravda.com

Барлық апаттың себепкері − адамзат

Түрік инженерлер мен сәулетшілер палатасы одағының (TMMOB) метеорологиялық инженерлер палатасының президенті Ахмет Косе дүниежүзініндегі температура 1960 жылмен салыстырғанда 2 градусқа көтерілгенін айтты. Осының салдарынан әлемде табиғи апаттар көбейіп, дауыл күшейген. Жел жылдамдығының күрт артуы тұрғын үйлер мен ауылшаруашылық дақылдарына айтарлықтай зиян келтіреді.

Жаһандық жылынудан ағаштар емес, киттер құтқарады

Сондай-ақ, Косе жыл сайын әлемде 410 миллионға жуық адам метеорологиялық апаттардан зардап шегетінін, 7,6 мың адам қайтыс болатынын және табиғи апаттардың 6 пайызы өлімге, 16 пайызы жарақат алуға себеп болатындығын ескерткен.

Косе жаһандық климаттың өзгеруімен туындаған мұндай апаттар әлі де жалғасатынын айтты.

"Бұл апаттардың себебі өзіміз. Көмірқышқыл газының "парниктік әсері" бар. Көмірқышқыл газының көбеюі шамадан тыс энергияны тұтыну мен тасымалдауға байланысты. Бүгінгі таңда әлем бойынша миллиондаған көліктер қозғалып, миллиондаған үйлер жылытылуда. Ең жаманы, адамның тұтыну мәдениеті бұзылды. Бұрын біз аз ғана киім кешекті қанағат тұтатынбыз. Қазір сөрелерімізге киім симайды", - дейді ол.

Сонымен бірге, көптеген климатологтардың пікірінше, егер әлемдік температура қысқа мерзімде 2°C-тан (3,6 ° F) көтерілсе, ірі әлеуметтік, экономикалық және экологиялық апаттар болады. Бұл адамзатқа қауіп төніп тұрғанын білдіреді және табиғатпен байланысты кез келген мәселеде ойланып қадам басу қажет.

Т. Раушанұлы