Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезінде түсірілген жаңа видео жариялады

Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезінде түсірілген жаңа видео жариялады
Фото: news.wjct.org

46 жастағы афроамерикалық Джордж Флойд 25 мамырда Миннеаполистегі полиция қызметкерлері қолынан қаза болды. Тұтқындау кезінде ол полицияға клаустрофобиямен (жабық кеңістіктен қорқу) ауыратынын ескерткен. Өзін өлтірмеуін өтініп және Дерек Шовин тізесімен мойнынан басқанда бірнеше рет дем ала алмай жатқанын айтқан. Оқиғаның егжей-тегжейлі бейнесін Daily Mail жариялады.

"Мен демала алмай жатырмын" ұраны қалай пайда болды?

Daily Mail жариялаған кадрлар Джордж Флойдты ұстауға қатысқан полиция қызметкерлері бірінің дене-камерасына түсірілген.

Сот-медициналық сараптама Джордж Флойдтың өлімін қасақана кісі өлтіру деп атады.

Сонымен қатар, 25 мамырдағы оқиғадан кейін куәгерлер түсірген видеолар әлеуметтік желілерде таралды. Алайда бейненің соңғы бөлігінде полиция қызметкері Дерек Шовин жерде жатқан оны тізесімен тұншықтырып жатқаныдығы көрсетілген.

Расизм: АҚШ-та нәсілдік кемсіту қалай пайда болды?

Daily Mail жариялаған екі бейненің жалпы ұзақтығы шамамен 26 минут. Бұл кадрда полиция қызметкерлерінің бірі Томас Лейн Флойдқа тапанша кезеніп, оның көліктен түсуін талап еткені бейнеленген.

9 маусымда Джордж Флойдты жерлеу рәсімі өтті. Оның қаза табуы АҚШ-та нәсілдік кемсітуге қарсы наразылықтың күшейуіне әкелді. Флойдтың қазасына жауап ретінде Миннеаполисте полицияның зорлық-зомбылық пен нәсілдік теңсіздікке қарсы наразылықтары басталды. Шерушілер полиция бөлімшесі ғимаратының алдына барып, "Мен демала алмай жатырмын" деген жазылған бетперде киіп (Флойд қайтыс болғанға дейін осы сөзді қайталап айтқан) наразылық білдірді.

АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден сейсенбіде CBS-ке берген сұхбатында Флойдты "әлемді өзгерткен адам және оның қаза болуы – Америка тарихындағы ең үлкен бетбұрыс" деп атады.

Т. Раушанұлы