Қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы 30 қала

Қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы 30 қала
Фото: freepik.com

Carphone Warehouse компаниясы зерттеу жасап, фрилансердің жұмыс істеуіне ыңғайлы әлемнің үздік 30 қаласын анықтады. Қалалар бірнеше критерий бойынша таңдалған: жұмыспен қамту деңгейі, орташа жалақы, интернет жылдамдығы, үйді жалға алу құны, медицина, көлік жүйесі және тұрғындардың әлеуеті.

1. Остин, Техас штаты, АҚШ
2. Чиангмай, Таиланд
3. Берлин, Германия
4. Барселона, Испания
5. Мельбурн, Аустралия
6. Тулуза, Франция
7. Монреаль, Канада
8. Дубай, БАӘ
9. Медельин, Колумбия
10. Осло, Норвегия
11. Окленд, Жаңа Зеландия
12. Амстердам, Нидерланд
13. Гонконг
14. Лондон, Ұлыбритания
15. Тель-Авив, Израиль
16. Буэнос-Айрес, Аргентина
17. Чангу, Бали, Индонезия
18. Сантьяго, Чили
19. Лахор, Пәкістан
20. Кейптаун, ОАР
21. Дели, Үндістан
22. Санкт-Петербург, Ресей
23. Сан-Паулу, Бразилия
24. Белград, Сербия
25. Киев, Украина
26. Афины, Грекия
27. Манила, Филиппин
28. Каир, Мысыр
29. Найроби, Кения
30. Дакка, Бангладеш

Пандемияға байланысты кейбір мемлекет туризмді тірілту үшін қашықтан жұмыс істейтіндерге жағдай жасауға тырысып жатыр. Мысалы 12 шілдеде Барбадоста арнайы виза енгізілді. Енді Барбадос аралында бір жыл бойы қашықтан жұмыс істеуге болады. Сонымен бірге Грузия да туристерді қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Massaget.kz