Айя София ресми түрде ашылды

Айя София ресми түрде ашылды
Фото: wikipedia

Ыстамбұлдың символы, жүздеген жыл бойы мұсылмандар мешіті болған Айя София ресми түрде ашылды. Ғибадатхана түріктер Константинопольді жаулап алғанға дейін 916 жыл бойы шіркеу қызметін атқарып, 1453 жылдан 1934 жылға дейін мешіт болған. 1934 жылы оны мұражайға айналдырды.

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған 10 шілдеде Айя София қайта мешіт болатын жарлыққа қол қойған еді.

Бүгін, 24 шілдеде Ыстамбұлдағы мешітте алғашқы жұма намазы оқылып жатыр.

Таңертең Ыстамбұл мен Түркияның басқа аймақтарынан адамдар мешіт алаңына жинала бастады. Оқиғаны Түркияның ондаған жергілікті газеттері мен көптеген басқа шетелдік БАҚ жариялады.

Ашылу салтанатына ел басшысы Режеп Тайып Ердоған да қатысды.

Намазға қатысқысы келетін адамдардың көптігін ескере отырып, үкімет мешіт жанындағы 5 ауданды діндарлар үшін арнайы дайындауға шешім қабылдады. Сұлтан Ахмад алаңына адамдар полицияның бақылауымен жиналуда. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 17 мың полиция қызметкері тартылған.

Коронавирус пандемиясына байланысты келушілер медициналық маска тағуы шарт, олардың дене температурасы да тексеріледі. Дәрігерлер мен жедел жәрдем халыққа қызмет көрсетеді.

Түркияның Дін істері басқармасы осы рәсімге арналған арнайы дұға бағдарламасын жасады. Әйгілі имамдар мен қарилар Құран сүрелерін оқиды.

Айта кетейік, Айя Софияның құрылысы б.э.д. 532 жылы басталып, 537 жылы 27 желтоқсанда аяқталған. Ғибадатхана бастапқыда шіркеу болған. 1453 жылы Фатих Сұлтан Махмуд Ыстамбұлды жаулап алғаннан кейін, Айя София Османлы мемлекетінің басты мешіті болды. Мешітті музей ретінде 1985 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне, 1996 жылы болса Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізді.

Т. Раушанұлы