Джефф Безостың байлығы 172 миллиард доллар жетті

Джефф Безостың байлығы 172 миллиард доллар жетті
Фото: ictbusiness.biz

Әлемдегі ең бай адам, Amazon компаниясының басшысы Джефф Безостың байлығы 172 миллиард доллар жетті.

Bloomberg-тің хабарлауынша, бұл кәсіпкер үшін рекорд. Бұдан бұрын, 2018 жылы Безостың байлығы 167,7 млрд долларға дейін артқан.

Әлемнің ең бай адамы атанған Джефф Безос деген кім?

Безостың байлығы Amazon акциялары бағасының өсуіне байланысты: 1 шілдедегі сауда-саттықта акция бағасы 4,4 пайызға өсіп, 2878,7 доллар болған. Безос компанияның 11 пайызына иелік етеді.

Безостың бұрынғы әйелі Маккензи Amazon-ның 4 пайыз акцияларына иелік етеді, ал Bloomberg оның байлығын 56,9 миллиард долларға бағалаған.

© twitter.com

Мамыр айының ортасында Comparisun сарапшылары Безос 2026 жылы әлемдегі алғашқы триллионер болады деп болжаған.

Алайда Forbes Безостың байлығын 166,3 миллиард долларға бағалаған.

Т. Раушанұлы