Жапон көк шайы туралы не білесіз?

Жапон көк шайы туралы не білесіз?

Көк шай – ең танымал сусын әрі мәдени құндылықтың бірі, сонымен бірге денсаулыққа пайдалы. Күншығыс елінде тамақтан кейін үстелге жаңа қайнатылған шай қою – үйреншікті жағдай. Жапонияда көк шайдың бірнеше түрі өсіріледі. Мұндағы көк шай өсіру, оны кептіру және басқа процестер әртүрлі жүреді немесе шайдың түрлері дәміне, түсіне, хош иісіне, иісіне байланысты ерекшеленеді.

©davlenies.ru

Сенча (煎茶)

Сенча – Жапонияда ең көп ішілетін көк шай. Ол тек шай жапырақтарынан жасалады. Шай жапырақтары жиналады, жуылады, буландырылады, содан кейін кептіріледі.

©intelligentliving.co

Mатча (抹茶)

Матча немесе маття ұнтақ түріндегі жапон көк шайы. Өзінің тұнық жасылымен ерекшеленетін матча шайы көлеңкеде өсіріледі. Осы арқылы шайда кофеин артады. Сонымен бірге өзінің нәзік түсіне байланысты, сортты шай қазіргі жапон асханасындағы негізгі сусындардың бірі саналады.

©food-cooking.jyuusya-yoshiko.com

Гёкуро (玉露)

Гёкуро – Жапония оңтүстігінде өсірілетін қымбат көк шай. Гёкуро матча тәрізді, көлеңкеде қара түсті жапырақтар түрінде өседі. Бұл шайға ерекше табиғи дәм мен хош иіс береді.

©tea-terra.ru

Ходзитя (焙じ茶)

Ходзитя – қуырылған көк шайдың бір түрі. Жапырақтары ашық қоңыр түсті. Жапондар оны жеңіл һәм хош иісі үшін кешкі мол тамақтан кейін ішкенді ұнатады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады