Данияда құндыздан коронавирус анықталды

Даниядағы фермалардың біріндегі құндыздан коронавирус анықталды. Сондықтан жергілікті ветеринарлық қызметтер коронавирустың таралуын болдырмау үшін фермадағы 11 мың құндызды жою туралы шешім қабылдады.

Құндызда коронавирус бар екендігі фермадағы бір қызметкерден коронавирус табылғаннан кейін белгілі болған.

Дания әлемдегі ең ірі құндыз өндіруші ел. Ол әлемдік нарықтың 40 пайызын бағалы аң терісімен қамтамасыз етеді. Ветеринарлық қызметтің айтуынша, фермадағы барлық құндыздардың жойылуы "қауіпсіздік мәселесімен" байланысты.

Бұл Данияда жануардан коронавирус табылған алғашқы жағдай. Сәуір айында Нидерландыдағы 2 құндыз фермасынан да коронавирус анықталған еді.

"Біз вирустың адамнан жануарға берілуі туралы айтып отырмыз, өйткені ферманың бірнеше жұмысшысында коронавирус белгілері бар", - деген еді сол кездегі Нидерланды ауылшаруашылығы, қоршаған орта және азық-түлік сапасы министрі Карола Шаутен.

Бұған дейін коронавирус мысықтар мен иттерден де анықталған.