АҚШ-та бал арасына алып бүгелектер қауіп төндіріп тұр

АҚШ-та бал арасына алып бүгелектер қауіп төндіріп тұр
Фото: aphorism.ru

Сарапшылар Азиядан АҚШ-қа келген есек аралар, бұл жерде көбейіп, бал ара популяциясын жойып жібереді деп алаңдайды.

АҚШ-та азиялық алып аралардың пайда болуы омарташылар үшін үлкен проблемаға айналды. Олар бұл жәндіктер бал араларды жойып жатыр деп шағымданды, деп хабарлайды The New York Times.

nytimes.com

Басылым Вашингтон штатындағы Тед Макфолл атты омарташының шаруашылығындағы мыңдаған бал араны азиялық бүгелектер қырып тастағанын мысал етіп жазған.

Тедтің айтуынша, бал араларды Vespa mandarinia деп аталатын азиялық бүгелектер жойып жатыр. Бұл аралардың қанаттары 9 сантиметр және одан да ұзын болады. АҚШ омарташылары алғаш рет мұндай аралар өткен жылы пайда болғанын хабарлаған.  

Араның бұл түрі тек бал аралар үшін ғана емес, адамдар үшін де қауіпті. Оның шағуы өлімге әкелуі мүмкін. Жапонияда жылына 50-ге жуық адам осындай бүгелектің құрбаны болады.

Т. Раушанұлы