88 бөлікке бөлініп қайта сатылған картина

88 бөлікке бөлініп қайта сатылған картина
Фото: severedspots.com

MSCHF креатив агенттігі суретші Дэмьен Херсттің "L-Isoleucine T-Butyl Ester" картинасын 30 000 долларға сатып алып, оны 88-ге бөлген. Сөйтіп әрқайсын 480 доллардан сатып, 238 750 доллар пайда тапқан.

Damien Hirst | L-Isoleucine T-Butyl Ester | 2018 | Hamilton-Selway"L-Isoleucine T-Butyl Ester", Дэмьен Херст

Жоба Severed Spots ("кесілген дақтар") деп аталады. Агенттік суретші картинасындағы әр дақты бірдей етіп кесіп сатқанда 42 240 доллар пайда тапқан. Мұндағы таза табысы – 12 240 доллар. Фрагменттер 38 секундта сатылып кеткен екен.

Картинадағы дақтың бірін $480-ға сатып алған Ник Бенедетто

Картинаның фрагменттерсіз қалдығында суретшінің қолтаңбасы бар. Агенттік оны да сатпақ болып аукционға қойған. Қазірдің өзінде қатысушылар оны 196 510 долларға сатып алуға дайын екен. Бұл баға әлі де өсуі мүмкін, себебі аукцион аяқталмаған.

Суретші Дэмьен Херст қолтаңбасы бар, $196 510 тұратын картина

"Көркемөнер бай адамдардың ақшасын сақтауға арналған тәсілге айналып бара жатыр", - дейді MSCHF манифестінде. Сонымен бірге агенттік туындыларға салық төлемейтін коллекционерлерді де сынға алған.

Massaget.kz