Даниядағы карантин ережесін бұзбаған drive-in концерт

Даниядағы карантин ережесін бұзбаған drive-in концерт

Данияда карантин жарияланғанына қарамастан Орхус қаласының маңында концерт өтті. Дегенмен тыңдармандар изоляция ережесін бұзбай, концертті көлікте отырып тыңдаған. Осылайша музыкант Мадс Лангер концертіне 500-ден аса адам келген.

Концерт туралы 6 күн бұрын белгілі болған, билеттің бәрі бірнеше минутта сатылып кеткен. Концертке арнайы сахна құрастырылып, көліктердің кіріп-шығуына ыңғайлы алаң жасалған. Әнші дыбысы көліктердің радиосына трансляцияланған. Сонымен бірге әнші Zoom арқылы да байланысқа шығып отырған.

"Мен осыған дейін көп концерт қойдым. Бірақ ең ерекшесі осы болды", - дейді Мадс Лангер.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Mads Langer (@madslanger)24 Апр 2020 в 10:53 PDT

Жергілікті полицияның айтуынша, концерт көрермен көңілінен шыққан: "Барлығы жақсы өтті. Адамдар ережені сақтады, көліктер жарты сағат ішінде тарап кетті".

Еске салайық, бұған дейін сарапшылар фестиваль мен концерттерді 2021 жылдың күзіне дейін тоқтатуға кеңес берген еді.

 
Massaget.kz