Түркияда медициналық маскалар тегін таратылады

Түркияда медициналық маскалар тегін таратылады
Фото: aa.com.t

Түркияда коронавирус инфекцияның таралуына қарсы алдын-алу шаралары кезең-кезеңімен қабылдануда. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған отандастарына жасаған үндеуі кезінде айтылды.

Мемлекет басшысы Түркия билігі халыққа медициналық маскалар тегін таратылатынын және оларды сату тыйым салынғанын атап өтті. 

Ердоғанның айтуынша, Түркияның денсаулық сақтау жүйесі күн сайын коронавирустық инфекцияға 20 мыңнан астам сынақ жүргізу арқылы "маңызды кезеңнен өткен".

Сонымен қатар, президент Ердоған инфекцияның таралуын болдырмау шаралары аясында Ыстамбұл әуежайы маңында 1000 орындық тағы 2 аурухана салынатынын айтты.

Түркия лидері үкімет COVID-19 пандемиясынан басқа 2,3 миллион отбасына көмек көрсету жоспарын дайындап жатқанын және өткен аптада басталған пандемия зардаптарымен күресу үшін ұлттық ынтымақтастық науқаны кезінде 1,5 миллиард түрік лирасы жиналған атап өтті.

Т. Раушанұлы