Аустралияда жергілікті өрт сөндірушілер штаттағы 21 000 үйді аман алып қалды

Аустралияда жергілікті өрт сөндірушілер штаттағы 21 000 үйді аман алып қалды
Фото: facebook.com

Аустралиядағы 8,4 миллион га жерді шарпыған 1,25 миллиард жануарды қырып жіберген.

Сидней Университетінің дерегіне сәйкес, осы жануарлардың 800 миллионы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы орман өртінен қырылған. Аутралияда өрт маусымы әдетте желтоқсаннан наурызға дейін болатын, бірақ биыл қыркүйекте басталып, әлі жалғасып жатыр. Елдегі ауқымды өрттің салдарынан Аустарлия табиғатына айтарлықтай зиян келді.

Штаттың мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында өрт салдарынан 1687 үй, 2020 жылдың 1 қаңтарынан – 771 үй қираған.

Жергілікті өрт сөндірушілердің арқасында штаттағы 21 000 үй аман қалғаны аталып өтті.

Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон дүйсенбі күні елде кем дегенде 25 адам қаза тауып, 2 мың үй қирағанын мәлім етті. Аустралияда өрт маусымының басында 12 миллион акр жер өртке оранған.

Айта кетейік,  орман өртін қасақана ұйымдастырды деген айыппен 200-ге жуық адам күдікке алынған еді.  Аустралия полициясы 183 адамды, оның ішінде 40 шақты кәмелетке толмаған жастарды сотқа берген. 183 адамның 53-і өрт қолдануға тыйым салу туралы ескертулерді ескермеген, ал 47 адамға темекі мен сіріңкені өрт қауіпсіздігін ескермей қолданған деген айып тағылған. 24 адам өрттен ең қатты зардап шеккен Жаңа Оңтүстік Уэльсте орман өртін қасақана ұйымдастырды  деп айыпталған.

Т. Раушанұлы