Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Ғарыштан түсірілген ғаламат суреттер

Ғарыштан түсірілген ғаламат суреттер

Ғарыштан түсірілген ғаламат суреттер

Ресейдегі С.Королев атындағы ғарыштық "Энергия" кәсіпорны "Взгляд сверху" атты ғарыштан түсірілген суреттер көрмесін өткізді. Оған 2007-2018 жылдар аралығында 350-400 километр биіктіктегі Халықаралық Ғарыш станциясынан түсірілген фотосуреттер енген. Назарыңызға ерекше табиғи құбылыстарды көрсететін суреттер топтамасын ұсынамыз.

Балқаш көлі, Қазақстан. МКС-56 экспедициясы

Балқаш көлінің батысы тұщы судан, шығысы тұзды судан тұратынын білеміз. Оған мына суреттен көз жеткізуге болады. Батыс бөлігіндегі тұщы судың әсерінен көлдің 1 метр тереңдігін ғана көре аламыз. Ал шығыс жағындағы тұзды су барынша мөлдір. Оның 5-6 метрге дейінгі тереңдігі көрінеді.

Суреттен көлдегі ақ пен көк түстердің реңкі орта тұсында бірігіп, градиентше өзгергенін көруге болады.

Арал теңізі, Қазақстан, Өзбекстан. МКС-44 экспедициясы

Кезінде аумағы жағынан әлемдегі төртінші көл саналған Аралдың суы 1960 жылдан бастап тартыла бастады. 1989 жылы Арал теңізі Оңтүстік және Солтүстік болып екіге бөлінді. 2014 жылы Оңтүстік көлінің шығыс бөлігі толықтай құрғап қалды. Көлге құятын Әмудария және Сырдария өзендерінің ауыл шаруашылғына ұтымсыз пайдаланғандықтан, қазіргі таңда Арал теңізі толықтай жойылып кету қаупінің алдында тұр.

МКС-44 экспедициясы кезінде 2015 жылы түсірілген бұл суреттен Арал теңізінің қандай күйге түскенін көре аламыз.

Көзді көлдер, Никарагуа. МКС-15 экспедициясы

Бұл суретті ресейлік ғарышкер Федор Юрчихин түсірген.

"Иллюминатордан Жерге қарағанда ғарышкердің қандай сезімде болатынын сөзбен жеткізу қиын. Сондықтан сурет арқылы Жердегі адамдарға не көріп, неге тамсанатынымызды көрсеткім келді", - дейді ғарышкер.

Трами тайфуны. МКС-56 экспедициясы

Суретте 2018 жылдың күзінде Жапония мен Курил аралдарын жалмаған Трами тайфуны. Табиғи апат әсерінен бірнеше адам қаза болды, біршама ғимарат қирады.

Нардо трассасы, Италия. МКС-57 экспедициясы

Суреттегі Нардо трассасы 1970 жылы салынған. Трасса әдейі шеңбер формасында салынған, себебі мұнда көліктердің максимал жылдамдығын сынақтан өткізеді. Оның ұзындығы – 12,6 км (диаметрі 4 км).

Мұздық, Оңтүстік Америка. МКС-57 экспедициясы

МКС-57 экспедициясы 2018 жылы 4 қарашада басталды. Алексей Овчинин мен Тайлер Хейгтің экспажы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 11 қарашада ұшты. Бірақ кейін апаттан қорғау жүйесі қосылып, ғарышкерлер Жерге қонуға мәжбүр болған. Есесіне осы оқиғаны естелігі ретінде Оңтүсітік Америкадағы мұздықтың суреті қалды.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: energia.ru
Қосылған күні: 04 желтоқсан 2019, 16:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.