Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Кувейтте мұнайдан басқа не бар?

Кувейтте мұнайдан басқа не бар?

Кувейтте мұнайдан басқа не бар?

Кувейт – Басра бұғазының жағалауында орналасқан мемлекет. Халық саны шамамен 4,5 миллион адамды құрайды. Бұл ел әлемге "қара алтынының" көптігімен танымал. Бірақ Кувейттің бұдан өзге де ерекшеліктері бар. 

Елдің солтүстігінде Ирак, шығысында Басра бұғазы, оңтүстігінде Сауд Арабиясы шектесіп жатыр. Басра бұғазы жағалауының ұзындығы 290 шақырымды құрайды. Бұғазда Кувейтке қарасты 9 арал бар. Халық қоныстанған жерлерден басқа топырағының 9 пайызы егістік алаңы, қалғаны шөлді және құмды аймақ. Елдің солтүстік бөлігі төбешіктерден тұрады, ал оңтүстігі – жазық дала. Кувейт қаласындағы жылдық орташа ыстық температура дәрежесі 29°С болса, жылдық орташа жаңбыр мөлшері 94 мм-ге тең.

© istmira.com

Эмигранттар 

Кувейтте тұратын халықтың 30 пайызы ғана жергілікті халық саналады, қалғаны – түрлі елдерден келген эмигранттар. Олардың көпшілігі ел астанасында тұрып, экономиканың түрлі саласында қызмет етеді. Эмигранттардың басым бөлігі Үндістанның Тамиланд және Керала штаттарынан келген үнділер. Сондықтан болар, бұл елде 17 мектеп үнді тілінде сабақ оқытады.

Екінші орында мысырлықтар тұрақтаған, бұлардан өзге филиппиндіктер, пәкістандықтар, ирандықтар, сириялықтар, палестиналықтар және түркиялық келімсектер бар. 

Үлкен Бурган мұнай өлкесі. ©venturesonsite.com

Мұнай қоры бойынша алтыншы орын

Кувейт әлемдегі мұнай қорының 8 пайызына иелік етеді. Бұл дегеніміз – 104 миллиард баррел мұнай. Оның 70 миллиард баррелі Үлкен Бурганда орналасқан.

Кувейт динары. ©amazon.de

Динар – әлемдегі ең қымбат валюта

Кувейт динары елдің ұлттық валютасы болып есептеледі. 1 динар 1000 филске тең. Филс – араб елдеріндегі ақша бірлігі.  Араб тілінде “филс” ақша дегенді білдіреді. Бұл сөз ежелгі рим теңгесі "фоллис" атауынан шыққан. 

Динар Парсы шығанағы рупиясының орнына 1961 жылы енгізілген. Егер сіз Кувейт валютасын АҚШ долларымен салыстыратын болсаңыз, сіз оның әлемдегі ең қымбат валюта екендігіне көз жеткізесіз. 1 динар шамамен 3,29 долларға тең.

JACC мәдени орталығы. ©alayam.com

JACC мәдени орталығы

JACC – ел астанасы Аль-Кувейт қаласында орналасқан опера және мәдениет үйі. Бұл ғимарат Таяу Шығыста орналасқан өнер орталықтарының ең үлкені. Оның аумағында кітапхана, кинотеатр, көрме залдары, театр және басқа да мәдени орындар бар. Ғимараттың жалпы аумағы – 214000 м².

Музыкаға бай ландшафт

Араб әлеміндегі ең танымал музыкалық жанрлардың кейбірі Кувейтте пайда болды. Мысал ретінде sawt-ты айтуға болады. Бұл қалалық музыканың күрделі түрі. Бастапқыда оны ойнау үшін  mirwas (барабандар) және ud (флейта) қолданылған, кейінірек скрипка қосылған. Музыканы екі ер адам би арқылы ойнайды. Мемлекетте ауқымды музыкалық шаралар жиі өткізіліп тұрады.

©gettyimages.com

Семіру деңгейінің өсуі

Кувейт елінің 40 пайызы семіздік пен артық салмақтан зардап шегеді. Статистикаға қарағанда алдағы 2020 жылы да семіздік деңгейі өседі деп болжанған. Мұндай мәселенің себебі халықтың фаст-фуд тағамдарды сүюі мен спортты жанына серік етпеуінен туындаған. 

Бурдж Мубарак әл-Кабир. ©kuna.net

Бурдж Мубарак әл-Кабир әлемдегі ең биік ғимарат болады

Бурдж Мубарак аль-Кабир – Мадинат әл-Харер қаласында салынатын ғимарат. Мұнараның биіктігі 1,001 м болады деп жоспарланып отыр. Ол "Мың бір түн" араб шығармасының танымал коллекциясын көрсетеді. Бұл мұнара құрылысы 2030 жылы аяқталады. Егер сол уақытқа дейін бұдан биік ғимарат салынбаса, мұнара аяқталған кезде әлемдегі ең биік ғимарат болады.

Саду тоқу

Саду тоқу – бұл Кувейттегі маңызды дәстүрлі қолөнер. Аль-Саду, Арабия көшпенділерінің ежелгі тайпалық тоқыма өнері. Қолөнерде адамдардың дәстүрлі тайпалық өмір салты геометриялық және бейнелік символдар мен өрнектер түрінде бейнеленген. Мұндай қолөнерде түйе айтарлықтай ерекшеленеді. Кувейтке келушілер осы ежелгі қолөнердің тарихы туралы Кувейт Ұлттық мұражайының жанындағы Үй бақшасынан біле алады. Ол 1980 жылы бедуиндердің этникалық қолөнерін қорғау үшін құрылған.

1
Рейтинг: +2

Фото: dodowallpaper.com
Қосылған күні: 11 қараша, 14:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.