XXI ғасырдағы ең үздік жарнама науқандары

XXI ғасырдағы ең үздік жарнама науқандары

AdAge басылымы XXI ғасырдағы ең үздік жарнама науқандарын анықтады. Оларды түрлі сала мамандары іріктеп шыққан. Қазылар критерий ретінде үш сұраққа жауап беруі тиіс болған:

1) Бұл науқанның жарнама әлемін немесе мәдениетін өзгертуге ықпалы болды ма?

2) Бұл науқан арқылы жаңа категория пайда болды ма немесе соның арқасында бренд өз саласында үздік атанды ма?

3) Бұл науқан есте қалатындай болды ма?

Қазылар 50 номинант ішінен рейтинг жариялаған екен. Назарыңызға соның үздік ондығын ұсынамыз.

American Legacy: Truth
10-орын

Науқанды Arnold Worldwide және Crispin Porter & Bogusky агенттіктері арнайы American Legacy ұлттық денсаулық сақтау қорына 2000 жылы дайындаған. Truth (Шындық) деп аталатын науқан темекінің қаншалықты зиян екенін көрсетеді. Body Bags атты видеоролик науқанның басты элементі болды. Онда адамдар қапқа салынған 1200 өлікті сыртқа шығарып жатады. 1200, күн сайын осынша адам темекі кесірінен қайтыс болады екен.

P&G: Thank You, Mom
9-орын

Бұл – Wieden & Kennedy агенттігі жасаған Procter & Gamble жарнама науқаны. 2009 жылы P&G америкалық Олимпиада комитетімен келісімшартқа қол қойып, Wieden & Kennedy оларға Thank You, Mom (Рахмет, анашым) атты сериялы видеороликтер дайындады. Роликтерде спортшылардың мансабы, олардың жетістікке жеткендегі аналардың рөлі көрсетіледі. Бұл науқанның арқасында P&G сатылымын арттырса, жарнама агенттігі бірнеше жүлдеге ие болды.

Apple: Get a Mac
8-орын

TBWA\ Media Arts Lab дайындаған Mac жарнама науқаны "PC-ға қарсы Mac" деген атпен танымал. Ол 66 видеороликтен тұрады. Негізгі кейіпкерлер Билл Гейтс пен Стив Джобсқа ұқсайды. TBWA Mac-тың жақсы образын көрсетіп, вирус, киберқауіпсіздік сынды проблемаларға назар аудартты.

American Express: Small Business Saturday
7-орын

2010 жылы American Express шағын бизнестегі сатылымды қалай арттыруға болады деп бас қатырады. Оларға Crispin Porter&Bogusky агенттігі Black Friday-дан (Қара Жұма) кейінгі аптаны "шағын бизнес сенбісіне айналдыру керек деп ерекше идея ұсынады. Ол кезде American Express-те осындай жоба болған, бірақ оны ұлттық деңгейде насихаттау керек еді. Нәтижесінде науқанды Ақ үйдің өзі қолдады.

Burger King: Subservient Chicken
6-орын

Subservient Chicken (Тіл алғыш тауық) ХХІ ғасырдың ең революциялық және әдеттен тыс маркетингтік идеяларының бірі саналады. Науқан TenderCrisp тауық сэндвичін насихаттау үшін басталған, кейін идея одан әрі дами түсті. Бірінші планға айтқаныңды істейтін "Тіл алғыш тауық" образы шықты. Бірақ subservientchicken.com сайты басты жаңалық болды. Онда жүздеген пайдаланушы тауыққа тапсырма беріп отырған.

Red Bull: Stratos
5-орын

Бұл видеороликтегі процесті Red Bull жарнамалық науқан емес, ғылыми миссия екенін айтады. Алайда, бұл видео брендтің танымал болуына себеп болды. 2012 жылы аустриялық скайдайвер Феликс Баумгартнер 39 км биіктен секіріп, Гиннестің бес рекордын жаңартты. Нәтижесінде, 2013 жылы науқан бейнеролигінің көрілім саны 207 миллионға жетті. Ол туралы ең ірі медиалар жазып, ТВ-да көрсетті.

Old Spice: The Man Your Man Could Smell Like
4-орын

Wieden+Kennedy мамандары қарапайым тапсырма алып, нәтижесінде "The Man Your Man Could Smell Like" деген атақты жарнамалық ұран пайда болды. Агенттік көп еркек әйелдердің душқа арналған гелін қолданатынын анықтаған екен. Old Spice үшін бұл жағымсыз жаңалық болды. Дегенмен минустан плюс жасай алатын агенттіктің арқасында Ишай Мустафа түскен мынадай роликтер сериясы дайындалды.

BMW Films
3-орын

Өз өнімін сарп етіп, жарнамаға $17 миллион жұмсай алатын компания кемде-кем. Бірақ 2002 жылы BMW мұндай идеядан бас тартпай, Fallon агенттігімен бірге The Hire деп аталатын қысқаметражды фильмдер сериясын шығарды. Онда танымал актерлер ойнады, олардың ішінде Клайв Оуэн мен Джон Бертал да бар.

Роликтер стандарт каналдардың орнына интернетке жүктелді. Мұны революция деуге де болады, себебі YouTube 4 жылдан кейін пайда болды. Кейін бұл науқан Канн фестивалінде "Титан арыстан" жүлдесіне ие болды.

Nike Plus
2-орын

2007 жылы Apple, Nike және R / GA агенттігі Nike+Running қосымшасын жасап шықты. Ол жаттығу кезінде спорттық аяқкиімнен Applе құрылғысына деректерді жіберіп отырады. Ал 2014 жылы Apple компаниясы Apple Watch өнімін шығарды. Бұл серіктестік арқасында олар Канн кинофестивалінде "Титан арыстанды" жеңіп алды.

Dove: Campaign for Real Beauty
1-орын

Dove-тың жарнама науқаны рейтингтің үздігі деп танылды. Бұл жарналар сериясынан кейін біраз компания өздерінің науқанында барынша шынайы, табиғи образдарға назар аудара бастады.

Massaget.kz