Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / + 48 ° C температура Жер бетіндегі қалаларды қалай өзгертеді?

+ 48 ° C температура Жер бетіндегі қалаларды қалай өзгертеді?

+ 48 ° C температура Жер бетіндегі қалаларды қалай өзгертеді?

Жыл сайын жазда ғаламшарымызда жаңа температуралық рекордтар тіркелуде. Cоңғы 100 жылда бүкіл әлемде температураның көтерілуі байқалады. 2019 жылдың шілде айы әлем тарихындағы ең ыстық ай болды. Мысалы, шілде айының өзінде Гренландия мұз қалқанының 160 миллирад тонна мұзы еріп кеткен. Салыстыру үшін айтатын болсақ – бұл көлемі "Астана арена" стадионындай 160 миллион бассейнге тең. Гренландия мұздығының қалқаны құрлықтың 80 процентіне тең. Бірнеше мыңдаған жыл бойы қар қабаттарының мұзға айналуынан пайда болған. Ең негізгісі, аталмыш мұздық әлемдегі экожүйенің маңызды бір бөлігі саналады. Аталмыш иұздық Күн сәулесін шағылыстырып, ғарышқа қайтарады. Осылай ғаламшарымызды ысып кетуден сақтайды.

Болашақта климаттың өзгеруі сөзсіз төтенше салдарға әкеледі. Әсіресе ыстық ауа райы қалаларға әсер етеді. Шынында, қалаларда климаттық қиындықтар жиі байқалуда. Еуропа мен Жапонияда ыстық температура салдарынан жыл сайын бірнеше адам қайтыс болады.

30 жылдан кейін қалалар қалай өзгереді?

Ғалымдар 2050 жылға қарай әлемнің көптеген қалаларында орташа температура 48 градусқа дейін көтерілу қаупі бар дейді. Ал қатты ыстық адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар ерекше жоғары температураның әсерінен қалалар мен олардың өмірі өзгереді.

Егер біз тас жол (асфальт) қоспасының құрамын өзгертпесек, тас жол қатты қызады да, нәтижесінде көшелер, жолдар мен тротуарлар ери бастайды. Қара, жабысқақ (смола) орнынан жылжып кетеді, пайда болған шұңқырлардан көліктердің қозғалысы қиындайды.

Көптеген америкалық және еуропалық әуежайлардағы ауа температурасы жоғары болғандықтан әдеттегі тығыздығын жоғалтады. Мұндай жағдайда ұшақ ұшуға қажетті жоғары жылдамдықты ала алмайды. Осылайша, осы континенттер арасындағы барлық рейстер тоқтатылуы мүмкін.

Қиындық теміржолдарды да айналып өтпейді. Металл рельстер бүгіле бастайды. Жолдардың бүгілуі мен кеңеюіне байланысты Еуропа елдеріндегі пойыздардың бәрі тоқтайды. Нью-Йорк сынды ірі қалалардағы метролар да өз жұмысын тоқтатады. Себебі қазірдің өзінде бұл метроларда 12 ай бойы ыстық. Ал ірі қалаларда ауа темрературасы 50 градусқа жақындағанда метро іші тіпті “тозаққа” айналады.

©ilcaffegeopolitico.org

Ғаламдық жылыну нәтижелері

Көріп отырғаныңыздай, температураны 48С-қа дейін көтеру мегаполистегі қарапайым қала өмірін біз тек теледидар экрандарында немесе фантастикалық киноларда көрген өмірге айналдырады. Электрмен, көлікпен және қалалық инфрақұрылыммен байланысты проблемалардан басқа, біз теңіз деңгейінің көтерілуі, тұщы судың сарқылуы, құрғақшылық, жүгері, күріш және бидай сияқты көптеген дақылдарды өсіре алмау қиындықтарына тап боламыз.

Егер әлемдік ғалымдардың ескертуіне құлақ аспасақ, атмосфераға парниктік газдарды шығаруды азайту үшін шаралар қолданбасақ – бұл бәрімізді алда күтіп тұрған болашақ!

0
Рейтинг: +4

Фото: powerxpic.pw
Қосылған күні: 21 тамыз, 14:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.