Франция неліктен ғарышқа әскери лазер жібереді?

Франция неліктен ғарышқа әскери лазер жібереді?
Фото: zhidao.baidu.com

Өткен ғасырдың 80-ші жылдары ғалымдар арасында дау-дамай тудырған бағдарлама болды. Ол "Стратегиялық қорғаныс бастамасы" (SDI) деп аталды. Бағдарлама ғарышта орналасатын зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін құру мақсатында АҚШ әскери күші тарапынан жасалды. Аталған бағдарламаны қазір француздар жүзеге асырмақшы.

Жауынгерлік лазері бар Жер серіктерді ғарышқа ұшыруға не себеп болды?

Жақында Францияның қорғаныс министрі Флоренс Парли Cnet порталына берген сұхбатында, Франция елі ғарыш қорғанысына қатысты бағытты дамытуды жоспарлап отырғанын айтты. "Бұл үшін орбитаға лазерлік импульсі бар жау ұшақтарын "соқыр" етуге арналған жауынгерлік лазерлі спутниктер тобын ұшыру қажет. Сонымен қатар аталған құрылғы навигациялық құралдар мен жау машиналарының бақылау жүйелерін істен шығарады", – деді Флоренс Парли.

Жауынгерлік лазері бар спутниктердің алғашқы прототиптері 2025 жылға дейін дайын болады. Бағдарламаның басталуы 2030 жылдан кешіктірілмей жоспарланған. Мадам Парлидің айтуынша, спутниктер ең алдымен жау техникасын жүйеден шығаруға және оны жоюға бағытталады.

Айта кету керек, мұндай жүйелер жаңалық емес. ХХ ғасырдың соңында Ресей мен АҚШ-та осыған ұқсас жобалар болған. Қазірдің өзінде Ресей осыған ұқсас құралдарды белсенді түрде сынақтан өткізуде, олар дұшпандардың Жер серіктеріне жақындап қана қоймай, оларды өшіре алады. 2007 жылы Қытай әскери лазердің көмегімен Жер серіктерінің бірін атып түсірген.

Т. Раушанұлы