Әлемдегі ең биік ағаштар: ТОП-10

Әлемдегі ең биік ағаштар: ТОП-10
Фото: pinterest.com

Үлкен ағаш бір жылда 10 адам тұтынантын оттегі бөліп шығарады. Бір дана тал транспорт көлігі 40 мың шақырым жүргенде бөліп шығаратын газды өзіне сіңіреді.  Қайта өңдеуге берілетін 60 келі қағаз әлемде бір ағаштың өмірін сақтайды. 1 гектар бақ немесе тоғай бір күнде 220-280 келі карбонат ангидрид жұтады да, өзінен 180-220 келі оттегі бөліп шығарады. Бұл туралы біз "Әлемдегі ерекше ағаштар" атты жазбамызда жазған едік. Ендігі сөз әлемдегі ең биік ағаштар туралы болмақ. 

Ағаштар табиғаттың ажырамас бөлігі, Жер шарының тыныс алу жүйесі десек те болады. Орташа бір ағаш бір жанұяның біп күндік оттегіге деген қажеттілігін өтейді. Демек, бір ағашты кесу бір отбасыны таза ауадан мақрұм ету деген сөз. 

Бүгінге дейін әлемдегі ағаштардың тең жартысы адамзат қолынан "қайтыс болды". Ал бүгін біз сөз еткелі отырған ағаштар арнайы күзетшілер арқылы қатаң бақыланады. Әйтпесе, адамзаттың құдыретті "тырнақтары" бұл ағаштарды да түп-тамырымен қиып тастайтын еді.

©LiveJournal

Аустралия эвкалипті, 150 метрлік әпсана 

Әлі анық өлшеу көпшілікті қызықтыра қоймаған ХІХ ғасырда биресми рекорд тіркелген. 1872 жылы елін айналып саяхатқа шыққан аустралиялық 150 метрлік эвкалипт көргенін жазып қалдырған. Бірақ бұл мәліметті ол анық өлшеп, ресми түрде жарияламаған. Кейін ХХ ғасырға келіп мұндай биік ағашты іздестіру нәтижесіз аяқталған. Бірақ Аустралияның Квинсленд аумағындағы Бау-Бау тауында "Хан" атағына ие болған эвкалипт табылған. Оның биіктігі 99,4 метр. 

Аустралиядағы Тасмания аралында да тағы бір екінші биік ағаш табылған. Центурион атты бұл алып ағаштың биіктігі 98,1 метр. 
Бірақ аталған ағаштар осы биіктігіне қарамай әлемдегі ең биік ағаштар ондығына кіре алмайды.

Әлемдегі ең биік ағаштар– ТОП 10 

©pinterest.com

10. Мендосино атты ағаш Калифорнияның Монтгомери Вудс аумағында өседі. Биіктігі 112,20 метр, диаметрі – 4,19 метр.

©en.eyeni.ru
9. Парадокс атты секвойя Рокфеллер-Форестте өседі. Биіктігі – 112,56 метр, диаметрі – 3,90 метр.

©eyeni.ru

8. Бұл ағаштың аты – Рокфеллер. Гумбольдт округінде өседі. Биіктігі – 112,60 метр. 

©lilipot.ir
7. Лауралин атты бұл алып ағаш та Гумбольдт округінде өседі. Биіктігі – 112,62 метр. Диаметрі – 4,54 метр. 

©newswatch.co
6. Алтыншы орындағы секвойяның аты Орион. Сан-Матео округіндегі Редвуд ұлттық бағында өседі. Биіктігі – 112,63 метр, диаметрі – 4,33 метр. 

©m.yandex.ru
5. Бесінші орында Ұлттық географиялық қоғам (NGS) атын алған Редвуд-Крик өзенінің жағалауында өсетін  секвойя. Биіктігі – 112,71 метр, диаметрі – 4,39 метр. 

©100cia
4. Стратосфера атты гигант секвойяның биіктігі – 113,11 метр. 

©rock-cafe.info
3. Үздік үштікті Икар атты ағаш қорытындылаған. Биіктігі – 113,14, диаметрі 3,78 метр. 

©rock-cafe.info
2. Екінші орынды Гелиос атты ағаш иеленген. Ол Редвуд-Крик өзені бойында көкке бой көтерген. Биіктігі – 114,5 метр болған алып ағаш 2006 жылға дейін біріншілікті бермеген. 

©asm59.ru
1. 2006 жылы біріншілік тағын Гелиостан тартып алған секвойяның аты – Гиперион. Ол да дәл осы Редвуд-Крик өзенінің Гелиосқа қарама-қарсы бетінде өседі. Биіктігі – 115,61 метр, диаметрі – 4.84 метр.

Т. Раушанұлы