AR House 2019. Әлемдегі ең әдемі тұрғын үй

AR House 2019. Әлемдегі ең әдемі тұрғын үй
Фото: © Daici Ano

Жыл сайын әлемдегі ең әдемі әрі құрылысы айрықша тұрғын үйлердің үздігі анықталады. AR House 2019 жүлдесінің әділқазылары биыл да өз таңдауларын жасады.

Биыл Жапонияның Курасики қаласындағы тұрғын үй үздік деп танылған. Ертеректе салынған үйді құрылыс компаниясы қалпына келтірген. Сәулетшілер заманауи үлгісін жасап, үй толықтай қалпына келтірілген. Үйдің шатыры бұрынғы қалпында сақталған. Оның ұзақ тұруы үшін арнайы ағаш бағандар орнатылған.

Жылдың үздік тұрғын үйі жүлдесін алуға 200-ден астам өтініш түскен. Оны әлемдегі ең танымал сәулетшілер қарап, өз бағаларын берген.

Н. Үсенова