2 шілдедегі Күннің тұтылуы жайлы 5 дерек

2 шілдедегі Күннің тұтылуы жайлы 5 дерек
Фото: freepik.com

Биылғы жаздың ортасында Күн тұтылады деп болжанған еді. Бұл табиғи құбылыс 2 шілдеге сай келді. Күн тұтылуының толық фазасы Гринвич бойынша сағат 19:22 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша – 01:22, 3 шілде) сай келді. Күн 4 минут 33 секунд тұтылған. Алайда Қазақстан тұрғындары бұл құбылысқа куә бола алмады, себебі оны тек Оңтүстік Америка мен Тынық мұхитта ғана бақылауға болады. Күн тұтылуының толық процесін NASA ғарыш агенттігінің тікелей эфирінен қарауға болады.

Күннің тұтылуы жайлы 5 дерек

– Күннің толық тұтылуында Күн Жер афелияда, Ай перигейде орналасқан;

– Күннің тұтылуы Чилиде 4 минут 33 секунд болған;

– Аргентина мен Чили аумағында ауа температурасы 12 градусқа дейін төмендеген;

– Бұл құбылыс 2001 жылы 21 маусымда сарос арқылы толық тұтылуды қайталады;

– Оңтүстік Америкадағы көлеңке аумағы 1273 километр болған.

Биыл Ай бір рет, Күн екі рет тұтылды. Жыл соңына дейін Ай 16-17 шілдеде, Күн 26 желтоқсанда тұтылмақ. 


Massaget.kz