Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Егеуқұйрықтар адам өмірін қалай құтқарып жүр?

Егеуқұйрықтар адам өмірін қалай құтқарып жүр?

Егеуқұйрықтар адам өмірін қалай құтқарып жүр?

Әдетте көп адам егеуқұйрықтардан жиіркеніп, қорқады. Әсіресе алпамсадай ірі түрлері адам зәресін алғыш келеді. Бірақ дәл сол егеуқұйрықтар мыңдаған адамның өмірін құтқарып жүр.

Сапер-егеуқұйрықтар

БҰҰ есебі бойынша, жаяу әскерге қарсы орнатылған миналар әлемдегі 75 мемлекетте 26 мыңнан аса адамды жаралап, өмірін қияды. Түрлі уақытта, түрлі себеппен орнатылған миналардан жаяу әскер емес, бейбіт тұрғындар зардап шегіп жатыр. Мысалы мина жарылысынан Анголадағы әрбір 500-ші тұрғын аяқ-қолынан айырылған. Бір минаны орнатудың құны – $30, ал оны залалсыздандыру $300 тұрады.

Залалсыздандыру жұмыстарына егеуқұйрықтарды қолдануды алғаш 1990 жылы Антверпен университетінде оқып жүрген бельгиялық Барт Ветйенс ойлап тапты. Барт бала кезінен кеміргіштерге қызығып, егеуқұйрықтардың иіссезгіш қасиеті мен үйретуге оңай кеміргіш екенін жақсы білген. Ал олардың салмағы миналардың жарылуына жеткіліксіз, сондықтан артық жарылыссыз миналарды залалсыздандыруға болады.

Image result for apopo save lives

Барт кеміргіштерге арналған жаттығулар жүйесін жасап шығады. Жануарларды 5-6 апталығында "мектепте беріп", "сынақ-қате" әдісін үйретеді. Алғашқы екі аптада кеміргіштер шерткен саусақ дауысын естісе, тамақ берілетініне (банан немесе жаңғақ) үйрене бастайды. Бұған машықталған соң, егеуқұйрықтарға тротил иісін сездіреді. Жаттығулар барысында кеміргішті миналар көмілген алаңға кіргізіп, денесіне шылбыр байлайды да, жайлап аралатады. Әр дұрыс тапқан мина үшін саусақ шерткен белгі беріп, бір банан береді. 

Image result for apopo save lives

Жаттығу алаңының көлемі – 24 гектар, оған 1500 зиянсыз мина көмілген. Емтихан ретінде егеуқұйрық 20 минут ішінде 200 шаршы метр аумақты залалсыздандыруы тиіс, қате жіберуге тек екі мүмкіндігі бар.

Сынақтан өткен кеміргіштер миналар қаупі басым елдерге жіберіліп, жергілікті климатқа жарты жыл үйренісіп жұмысқа кіріседі. Осылай 2003 жылы Мозамбиктегі 250 гектар аумақта 30 егеуқұйрық 1500 минаны тапқан.

Оңай әрі арзан

Related image

Сапер-егеуқұйрықтарды виртуал түрде асырап алуға болады. Барт Ветйенс негізін қалаған АРОРО ұйымының сайтында егеуқұйрықты таңдап, айына $7 немесе жылына $77 төлеп, оның қалай өмір сүріп, қалай жұмыс істеп жатқанын фоторепортаж арқылы бақылауға болады. Қаражат әр егеуқұйрықтың дайындығына €6000 жұмсайтын АРОРО ұйымының қорына аударылады. 2019 жылдың қаңтар айына сәйкес, АРОРО-да 150-ден аса егеуқұйрық жұмыс істеген. 

Қызығы, бұл ұйым мина проблемасын шешіп қана қоймай, адамдарды жұмыспен қамтып отыр. Егеуқұйрықтарды көбіне жергілікті тұрғындар үйретеді, ал залалсыздандырылған аймақтар фермерлерге беріледі.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: apopo.org
Қосылған күні: 27 маусым, 09:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.