Нептунның жаңа серігі анықталды

Нептунның жаңа серігі анықталды
Фото: life.ru

АҚШ-тың Жерден өзге өркениетті іздейтін интституты (SETI) Нептунның 14-серігі бар екенін ресми түрде мәлімдеді. Осы зерттеу нәтижелері "Nature" журналында жарияланды.

"Хабл ғарыштық телескопы Нептунның жаңа серігін тапты. Оның орташа радиусы 17 шақырым болып, қалған ішкі серіктерден кішкентай" делінген хабарламада.

Нептунның тағы бір табиғи серігі бар екендігі ғалымдар тарапынан 2013 жылы анықталған. Оған уақытша S/2004 N 1 деп ат берілген. Содан бері оның бар екендігін дәлелдейтін ізденістер басталған еді.

Нәтижесінде көптеген суреттер мен зерттеулер негізінде оның бар екендігі ресми түрде расталды. Оған Гиппокамп (грек. Теңіз аты) деген ат берілді.

"Теңіз аты" бір уақыттары Нептунның ең ірі табиғи серігі болған Протейга комета соғылуынан бөлініп шығуы мүмкін деген пікір айтылып жатыр. Себебі Протейде дәл Гиппокамп көлеміндей кратер бар.

Т. Раушанұлы