Disney мультфильмдерінде көзілдірікті ханшайым пайда бола ма?

 Disney мультфильмдерінде көзілдірікті ханшайым пайда бола ма?
Фото: wonderzine.com

Ұлыбританияның Ноттингемшир қаласында тұратын 9 жастағы Лоури Мур Walt Disney президенті Роберт Айгерге арнап хат жолдап, одан мультфильмдеріне көзілдірік тағатын кейіпкер қосуды сұраған.

Лоуридің айтуынша, мұндай кейіпкерлер көзілдірік тағатын басқа балалардың өз-өзіне сенімді болуына септігін тигізеді. "Мен Дисней ханшайымдары туралы мультфильмдермен өсіп келемін. Олар маған қатты ұнайды, кейіпкерлері де ғажап. Бір өкініштісі, олардың ешқайсысы көзілдірік тақпайды. Бұл менің өзімді жеткілікті дәрежеде сұлу еместей етіп сезіндіреді", – дейді Лоури.

©JumPic.com

Қаңтар айының соңында қыздың анасы facebook әлеуметтік парақшасына Лоуридің хатын жүктеген. Нәтижесінде хат тез арада таралып кеткен. Disney де қыздың хатына жауап жазып, барлық балалардың көңілінен шығатын кейіпкерлер ойлап табуға тырысатындарын айтқан.

Т. Раушанұлы