Тренд тауарлар

Тренд тауарлар

Маркетинг - өмірімізді қызыққа толтыратын ғылымдардың бірі. Тауарды сату мақсатында маркетологтардың ойлап таппаған айлалары қалмаған болар. Әрине, бұндай ұсақ-түйектерге таңданбасқа болмайды.

Chupa Chups

Таяқтағы кәмпиттер ең бірінші бүлдіршіндерге емес, олардың ата-аналарына ұнады. Олар кәдімгі соратын кәмпиттерге қарағанда балалардың үсті-басын былғамайды. Чупа Чупсты испандық Энрике Бернат ойлап шығарыпты. Алайда бұл ой оған танымал орыстардың таяқтағы әтеш кәмпиттерінен келген болар. Логотипінің дизайнын әйгілі Сальвадор Дали ойлап тапқан екен.

Red Bull

Танымал энергетик сусындар жайлы қалыптасқан ойды мүлдем ауыстырды. Бағасы кәдімгі сусыннан екі есе көп, ал бөтелкесі керісінше кемиді. Маркетологтар Red Bull бөтелкелерін дүкендерде күтпейтін бұрыштарға қойып, студенттік жатақханаларда тегін таратқан. Дизайнерлердің де қосқан үлесі бар: Red Bull бөтелкесі қарапайым батарея сияқты жасалынған.

Alka Seltzer

Танымал "бас жазатын" дәрілердің бірден екі данасын ішу дәстүрі 1960 жылы шыққан жарнамадан бастау алған. Бұл ойды бірден барлық фармокологиялық маркалар, сағыз өндірушілер қолдана бастады. Нәтижесінде біз қажет емес екінші дәріні ішіп, оларға екі есе кіріс берудеміз. 

Pepsi 

Pepsi мен Coca Cola сусындарының таласы ондаған жылдарға созылуда. Coca Cola бөтелкелері 170 мл болғанда, Pepsi 340 мл болып шығара бастады. Бағалары бірдей болғандықтан, сатып алушы әрине Pepsi-ді таңдаған. Осылайша әйгілі болған сусын қазірде жұлдыздар, әншілер, футболшылар қатысқан жарнамаларымен де танымал. 

Snickers 

Әу баста Snickers-ті толыққанды түскі асқа балама болатын тіскебасар ретінде жарнамалаған. Алайда бұндай жарнама шоколадқа ерекше танымалдық әкеле алмады. Уақыт өте оны жасөспірімдерге арналған тәтті ретінде жарнамалай бастады. Осы ойдың арқасында қазірде бұл шоколадты жеп көрмеген жан жоқ болар. 

Tefal

Ұзақ уақыт бойы компания басшылығы өздерінің табаларының сәттілік сыры тамақты майсыз дайындау мүмкіндігінде деп ойлаған. Алайда қарапайым үй шаруасындағы әйелдерге оның басқа қасиеті ұнаған екен. Бұл табалар еш қиындықсыз тез жуылады: бұған себеп табанына тағам жабыспайды. Жарнамасына сәл өзгеріс енгізгеннен кейін бұл марка әлемдік танымалдыққа ие болды. 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді