Копенгагендегі ерекше студенттер үйін білесіз бе?

Копенгагендегі ерекше студенттер үйін білесіз бе?

Студент атану өмірдің ең бір қызықты кезеңін бастан өткеру. Студент атану – бұл оқу, іздену, аз шығындану деген сөз. Қалтасы жұқа студент үшін жатақханаға ақша төлеу немесе пәтер жалдау қымбатқа түсетіні анық. Ал Еуропада білім алсаңыз баға тіпті аспандай түседі. Міне, осындай келеңсіздіктерден құтылу үшін Копенгагенде студенттердің мәселелерін шешу жолдары қарастырыла бастады.

Urban Riggers компаниясының қағілез дизайнер және сәулетшілер транспорт контейнерлерін пайдаланып студенттер үшін жүзіп жүретін жатақхана үлгісін ұсынды.

Контейнерлер бұрын пайдаланғанымен ескі және лас емес. Бес саусағынан өнер тамған сәулетшілер тобы оны адам танымастай етіп, студенттер үйіне айналдырған. 

Бұл жерде өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған: жиһаздалған заманауи асхана, таза жуыну бөлмесі, ықшам бөлме. 

Студенттер үйі алты контейнерден құрастырылған үшбұрыш көрінісінде. Ғимарат ауласында саяхаттауға, екінші қабаттағы алаңда дем алуға, шағын қайықтарда жүзуге және арнайы орында барбекю дайындауға да болады. 

Модулді ғимараттар Копенгагеннің орталығындағы Эресунн бұғазында орналасқан. Бір айлық ақысы 600 доллар. Ал қалада осындай ақшаға тек шеткі аудандардан ғана пәтер жалдай аласыз. 

12 бөлмесі бар модульдер жиынтығы алғаш болып 2013 жылдың 21 қыркүйегінде ашылған. Дизайнері – Бьярке Ингельс. Дизайнер болашақта тек Даниямен ғана шектеліп қалмай, көрші Швецияда да осындай жатақханалар салуды жоспарлаған.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар