2018 жылы ең көп табысқа кенелген миллиардерлер

2018 жылы ең көп табысқа кенелген миллиардерлер
Фото: forbes.com

Bloomberg басылымының хабарлауынша, бүкіл әлемдегі байлардың қалтасы биыл шамамен 511 миллиард долларға жұқарған. Бұл туралы біз жазған едік. Енді біз биыл ең көп табыс тапқан байлар туралы сөз қозғамақпыз.

Қазіргі уақытта Жер шарындағы ауқатты адамдар ақшасы 4,7 триллион долларды құрайды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ең көп табыс тапқан Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос. Ол бір жыл ішінде 27,9 миллиард доллар табысқа кенелген. Екінші орында Жапонияның ең бай адамы, Fast Retailing негізін қалаушысы Тадаси Янаи. Ол биыл 7 миллиард доллар пайда көріпті. Үштікті орыс миллиардері Вагит Алекперов 4,6 миллиард доллар табыспен қорытындылаған. 

Табысқа кенелген миллиардерлер топ-10: 

1. Джефф Безос – 27,9 миллиард доллар; 
2. Тадаси Янаи – 7 миллиард доллар; 
3. Вагит Алекперов – 4,6 миллиард доллар; 
4. Руперт Мёрдок – 4,6 миллиард доллар;
5. Леонид Михельсон – 4 миллиард доллар; 
6. Геннадий Тимченко – 3,8 миллиард доллар; 
7. Стив Балмер – 3,4 миллиард доллар;
8. Мукеш Амбани – 3 миллиард доллар; 
9. Билл Гейтс – 2,9 миллиард доллар; 
10. Илон Маск – 2,8 миллиард доллар.

Т. Раушанұлы