«Жер аруы» байқауының жеңімпазы анықталды

«Жер аруы» байқауының жеңімпазы анықталды
Фото: International News

«Жер аруы 2018» байқауының финалы Филиппин астанасы Манила қаласында өтті. Mall of Asia орталығында ұйымдастырылған халықаралық байқауда Вьетнамнан келген қатысушы жеңімпаз болды.

Фыонг Кхан Нгуен атты 23 жастағы қыз Жер ғаламшарының нөмірі бірінші аруы атанды. Ол маркетинг саласы бойынша білім алып жүр. Вьетнам және ағылшын тілінде еркін сөйлейтін Кхан 2010 жылдан бері осы байқауды үзбей тамашалап келеді екен. Сұхбат кезінде, өзінің осы байқауға қатысуды кішкентай кезінде талай армандағанын да жасырған жоқ.

Кхан Вьетнамның оңтүстік бөлігінде орналасқан Бенче провинциясында дүние есігін ашқан. Ал қазір Меконга қаласында тұрады. Ол байқауда осы Меконга қаласының экологиялық жобасын таныстырып, жоғары ұпай жинады.

Еске сала кетейік, «Жер аруы» байқауы 2001 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.

А. Қажиев