Македония елінің атауы өзгереді

Македония елінің атауы өзгереді
Фото: Supersasha

Грекия мен Македония мемлекетінің басшылары ел атауын өзгертуге байланысты ортақ мәмілеге келді, - деп хабарлайды BBC News.

Ел атауына байланысты ұзақ жылдарға созылған талас-тартыстарға Грекия мен Македония елінің премьер-министрлері Алексис Ципрас пен Зоран Заев соңғы нүктесін қойды. Жаңа келіссөз нәтижесінде қабылданған құжаттар бойынша Македония Солтүстік Македония республикасы деп аталады. Мемлекеттік тілі – македон тілі, ел тұрғындары македониялық деген азаматтық алады.

Солтүстік Македония республикасы атауы халықаралық деңгейде қолданылады. Ағылшын да, славян нұсқасын да таңдауға болады.

Қос елдің басшылығы соңғы құжаттарды дайындап бекітетін күн де жақын. Одан кейін Скопье Еуроодақ және Солтүстік Атлантикалық келісім Ұйымымен толыққанды қарым-қатынас түзе алады. Осыған дейін бұл ұйымдармен келіссөз жүргізуіне Грекия кедергі болып келген еді.

Қос ел арасындағы келіспеушілік Македония деген атауға байланысты ертеден туындаған. Себебі грек жерінде де Македония деген аймақ бар. Грек халқы бұл атауды қолданбау туралы жиі шеруге шығып тұрады.  

Н. Үсенова