Әлемдегі ең қымбат және ең арзан қалалар тізімі

Әлемдегі ең қымбат және ең арзан қалалар тізімі
Фото: discovery-russia.ru

"UBS" банк және инвестициялар компаниясы қоныстану мен тұрмыс үшін әлемдегі ең қымбат және ең арзан ірі қалалардың тізімін жасады. Индексі 100-ге тең Нью-Йорк қаласындағы нарық эталон есебінде қабылданған.

Тізімде барлығы 77 қала қамтылған. Нарықты саралау үшін компания 3 адамнан тұратын тұрмысы орта Еуропа жанұясы пайдаланатын 128 түрлі тауар мен қызметтерден тұратын стандарт тұтыну себетін жасаған. Мемлекеттер арасындағы тұтыну талаптары мен айырмашылықтар да есепке алынған.

Ең қымбат қалалар (топ-10)

Цюрих (Швейцария) — 116,8

Женева (Швейцария) — 113,4

Осло (Норвегия) — 107,8

Копенгаген (Дания) — 106,1

Нью-Йорк (АҚШ) — 100

Токио (Жапония) — 99,5

Милан (Италия) — 95,4

Лондон (Ұлыбритания) — 92,9

Чикаго (АҚШ) — 92,7

Хельсинки (Финляндия) — 91,8.

Ең арзан қалалар (топ-10)

Каир (Египет) — 34,6

Лагос (Нигерия) — 40,6

Киев (Украина) — 44,0

Манила (Филиппин) — 45,2

Нью-Дели (Үндістан) — 46,0

Мумбаи (Үндістан) — 46,6

Ханой (Вьетнам) — 47,2

София (Болгария) — 50,7

Мехико (Мексика) — 51,0

Найроби (Кения) — 52,7.

Бұл ерекше рейтинг арқылы сондай-ақ, Сеул (88,3), Таллин (70,2), Пекин (65,1), Санкт-Петербург (62,6), Мәскеу (61,6), Рига (57,7), Стамбул (52,7) сияқты қалалардың арасындағы нарықтар айырмашылығын біліп алуыңызға болады.

Т. Раушанұлы