NASA зерттеулеріне қарапайым адамдар жұмылдырылмақ

NASA зерттеулеріне қарапайым адамдар жұмылдырылмақ
Фото: vk.com

2017  жылдың 21 тамызы күні АҚШ территориясында толық күн тұтылуы болады. Осы құбылысты зерттеуге  NASA қарапайым адамдарды жұмылдырмақ.  Күн тұтылу кезінде температурамен қатар, жануарлардың әрекеттерінде де өзгерістер байқалады екен. Бірақ, ғалымдар осындай  аномалия қандай ауқымды қамтитынын әлі анықтай алмай отыр. Енді осы зерттеу жұмыстарына барша құрлық адамдарын жұмылдыру арқылы NASA нақты нәтижелерге қол жеткізбек.

Шараға ат салысамын деушілер Globe Observer қосымшасын жүктеп, оған өз аккаунтын тіркеуі тиіс. Аталған қосымша кезекті әрекеттерге өзі бағдар беріп отырады. Әп қатысушы анықтаған деректер жалпы қорға жинақталады.

А. Оралқызы