Мемлекеттік тулар және олардың тарихы

Мемлекеттік тулар және олардың тарихы
Фото: вконтакте

Әр елдің ұлттық құндылықтары мен рәміздері, нышандары бар. Солардың бірі мемлекеттің тәуелсіздігін айқындайтын төл байрағы. Біз түрлі туларды білеміз, бірақ олардың тарихына үңілмейміз.  

Ұлыбритания 
(Юнион Джек) 

Көк – қызыл – ақ 

Ту қасиетті Георгия (Англия билеушісі) қызы кресімен, қасиетті Патрик ( Ирландия билеушісі) кресімен және қасиетті Андрея ( Шотландия билеушісі) кресімен көмкерілген. Уэльс Ұлыбританияның бір бөлігі болғанымен, туда ол туралы ешқандай бедер жоқ. 

АҚШ 
(Жұлдыздар және жолақтар) 

Көк – қызыл – ақ 

1777 жылдан бері АҚШ туындағы жұлдыздар саны 26 рет ауысқан. Ал дәл қазіргі тудың бетінде 13 көлденең жолақ бар. Олар тәуелсіздікке ұмтылып штат болуға бірінші болып шыққан 13 британиялық колонияны білдіреді. Одан бөлек 50 штатты көрсететін 50 жұлдыз бар. 

Франция 
(Үш түс) 

Көк – ақ – қызыл 

Францияда көк түс патшаның түсі. Одан бөлек бұл Бурбондардың атадан келе жатқан түсі. Себебі олар Францияны револцияға дейін билеген. Ал қызыл мен көк Парижді білдіретін түстер. Бұл көтерісшілерің түсі. Олар 1789 жылы Бастилияны жаулап алған. 


Канада 
(Үйеңкі жапырағы) 

Қызыл – ақ 

Канаданың бұл мемлекеттік туы ресми түрде 1965 жылы ғана қабылданды. Мемлекеттік тудағы үйеңкі жапырағының өз ерекшелігі бар. Тіпті мемлекеттік мереке ретінде канадалықтар ақпанда ол күнді атап өтеді. 

Германия 
(Германияның мемлекеттік туы) 

Қара – қызыл – сары 

1848 жылы Франкфурт-на-Майнде қара, қызыл, сары түсті Германияның ресми байрағы қабылданы. Немістер бұл түстермен демократияның келбетін көрсетеді. 


Непал 
(Непалдың мемлекеттік туы) 

Көк – қызыл – ақ 

Ерекше тулардың бірі. Тудың негізгі мәні Гималай шыңдарын бейнелейді. Ал күн мен ай тыныштық пен берекенің белгісі. Ал қызыл түс бұл елдің ұлттық түсі. Көк түс бейбітшілікті көрсетеді. 


Қытай 
( Бес жұлдызды қызыл байрақ) 

Қызыл – сары 

Қытайлар үшін қызыл түс коммунизмнің белгісі. Ал алып жұлдыз және оны жағалай қоршаған жұлдыздар коммунистер партиясының біріккен белгісі. Үлкен жұлдыздың қасына жиналған кішкене төрт жұлдыздың мағынасы, үлкен қолдауға ие болып біріккендіктерін білдіреді. 

Қазақстан
(Қазақстан мемлекеттік байрағы)

Көк – сары 

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

М. Ақан