АҚШ тарихында тұңғыш рет әйел президент болуы мүмкін

АҚШ тарихында тұңғыш рет әйел президент болуы мүмкін
Фото: meduza.io

Хиллари Клинтон АҚШ тарихындағы тұңғыш әйел президент болуы мүмкін. 

Демократиялық партияның жиынында Хиллари Клинтонның кандидатурасы бірауыздан мақұлданды, енді ол осы билік партиясының атынан президент орынтағына таласпақ.

Хиллари Клинтон өзінің басты қарсыласы Берни Сандерстен әлдеқайда көп дауыс жинады. Бірақ Вермонт штатының сенаторы бұған қапалана қойған жоқ. Ол керісінше нәзік жанды үміткерді қолдап отыр. Тек мұнымен Сандерстің жақтастары келісе алмаған секілді. Олар Клинтонның демократтар атынан додаға  түсуіне үзілді-кесілді қарсы. Дегенмен, шешім қабылданды.

Енді Ақ үйдегі тақ үшін Клинтон ханым Дональд Трамппен таласатын болады. Атышулы миллиардер сайлауға республикашылардың атынан қатысатынын айта кетейік. Дауыс беру қарашаның 8-не белгіленген.

Дереккөз: bnews.kz
Е. Жұмабайұлы