Әрбір жапондыққа 12 санды жеке код беріледі

Әрбір жапондыққа 12 санды жеке код беріледі

Жапонияның әрбір тұрғынына 12 саннан тұратын жеке нөмір берілетін болды. Бұл нөмірді жапондықтар тұрақты түрде өмір бойы пайдаланады.

Жеке код ел тұрғындарын тіркеу мен есепке алу операцияларын жеңілдетуге жол ашады. Атап айтсақ, бұл нөмір әлеуметтік сақтандыру, салық салу салаларында және табиғи апаттар кезінде адамдарды есепке алу үшін қолданылады.

12 сан жазылған картаны Жапонияда ұзақ уақыт бойы тұрып келе жатқан шетел азаматтары да алуына болады.

Осыған дейін Жапония билігі жеке нөмірлерді қолданысқа енгізуге талпынған еді. Бірақ халық бұған қарсы шықты. Жаңалықты қазір де қолдамай отырған тұрғындар «бұл жеке деректер базасын хакерлердің бұзуына мүмкіндік тудырады» деп қауіптенуде.

Дереккөз: 24.kz




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN