Жапонияда аптап ыстықтан 780 адам ауруханаға түсті

Жапонияда аптап ыстықтан 780 адам ауруханаға түсті
Фото: azertag.az

Жапонияда аптап ыстық жергілікті тұрғындарды әбігерге салды. 800-ге жуық адамның басынан күн өтіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz порталына сілтеме жасап.

Ауруханаға түскендер арасында Токио мен Осако қалаларының тұрғындары да бар. Жапонияның бірқатар аймағында бір айдан бері күн күйіп тұр. Сынап бағанасы 30 градустан түспей қойған. Синоптиктердің айтуынша, қазір мұнда өткінші жаңбыр жауып, ыстықтың беті қайта бастаған. Енді жауын-шашын толастамаса, нөсердің соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласуы мүмкін.

Е. Жұмабайұлы