Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сөйлейтін шырақ

Сөйлейтін шырақ

Сөйлейтін шырақ

Мальма – Швецияның оңтүстігіндегі сұлулығы кез келгеннің көзін тартатын әсем қала. Копенгагеннен төрт шақырым ғана қашықтықта жатқандықтан, қала бүкіл Скандинавияның көлік торабы мен өнеркәсіп орталығы болып табылады.

Аса үлкен емес, жанға жайлы, қонақжай қалада бәрі де арзан. Қала ұзақ уақыт бойы Данияның қол астында болып келіп, XVII ғасырда Швецияның құрамына өтті. Ескере кететін жәйт, қала тұрғындарынының 1/3 бөлігін эмигранттар құрайды екен.

Бұл мекенде бағзы замандардан бері балық шаруашылығы жақсы дамыған және тұздалған майшабақ экспорттаудан қаланың атағы әлемге жайылып келеді. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристерді таңқалдыратын, Мальманың негізгі назар аударарлық құндылығы - 54 қабатты «Иірмек кеуде» ғимараты.

Жә-жә жарар, біздің негізгі айтпағымыз бұл емес еді. Білесіз бе, Мальма қаласында «үш қабатты үй» - алып қалпақты шырақ бар. Ол жылдың қай уақытында болсын жарқырап тұрып қана қоймайды, онымен сөйлесу мүмкіндігі берілген. Иә,иә! Сөйлейтін шырақ!

Мұнда сіз арнайы қойылған орындықтардың біріне жайғасып алып, деміңізді басып, шырақпен әңгіме-дүкен құра аласыз. Өкініштісі, шырақ тек швед тілінде сөйлейді. Ал, сіз швед тілінде сөйлей білсеңіз, бағыңыз жанды дей беріңіз, шырақпен оп-оңай достасып кете аласыз.

Аталған шырақ 2006 жылы тұрғызылған болатын. Сол жылдардан бері сөйлейтін шырақ үскірік аяз бен қарда да салмақты әрі бірқалыпты дауысымен жыл сайын Швецияға ат басын тіреген туристерді қарсы алып келеді. 6 метрлік шырақтың орны қаланың о шеті мен бұ шетіне жиі ауыстырып тұрылатындығымен, ол Жаңа Жыл қарсаңында Лилла Торг алаңына қайтарылады. Ол меркені осы алаңда қарсы алады.

Жұртшылықтың сүйіктісіне айналған сөйлейтін шырақ - Мальманың ғана емес, Швецияның нышаны саналады.

Суреттер: factroom.ru, gooddays.ru,papamaster3.ru,redigo.ru,dewarist.livejournal.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

1348 8
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 12 шілде 2012, 13:29
Пікірлер
+0
12 шілде 2012, 14:08

Ғажап!

+0
12 шілде 2012, 14:22

Менің де барып әңгіме айтқым келеді онымен, алдымен швед тілін уйрену керек екен)))))

+0
12 шілде 2012, 15:16

күшті

+0
12 шілде 2012, 15:48

ішіп алған адамға жақсы екен...

+0
12 шілде 2012, 17:17

Күштіі ғой

+0
12 шілде 2012, 17:27

ангимени жиберетин шыгар)))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...