Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Исландия мүйісі

Исландия мүйісі

Исландия мүйісі

Исландия – табиғи ресурстарға өте бай және әлемдегі ең әсем жерлерімен танымал ел. Атақты Гекла жанартауы осында орналасқан. Исландия дүниежүзіндегі жанартауы ең көп арал болып саналады. Ал көгілдір мүйістің геотермалды спасы Исландияның қонақжайлылығын көрсететін танымал туристік орталықтардың бірі. Спа орталықтары Рейкьянес түбегіндегі Гриндавикте орын тепкен. Ауа-райының ыстық немесе суығына қарамастан судың температурасы әрқашан 38-40 градустан төмен болмайды. Су көлді ашық көгілдір түске бөлейтін минералды тұз бен кремнийге өте бай.

Исландия  көгілдір мүйісінің геотермалды спасы

Судың жылы ағымы денсаулыққа пайдалы диоксид кремнийі мен күкірт секілді пайдалы қазбаларға толы. Дәрігерлер судың шипасын айтып, көлдің псориаз сияқты кейбір тері ауруларынан емдеп жаза алатын қасиеті барын жария етіп жатыр. Қазіргі кезде аталған спа орталығының маңында арнайы тері ауруларымен жұмыс жасайтын емдеу орындары ашылған. Олардың негізгі қызметі – көлдің бүкіл минералды байлығын түрлі сырқатқа қолданып, жаңа ем шараларын ойлап табу болып табылады.

Исландияның қолдан жасаған көгілдір мүйісі көлге жақын жерде орналасқан Svartsengi атты геотермалды электростанциясымен суды екі күн сайын ауыстырып отырады. Су буға айналғаннан кейін лавалық толқындар арқылы турбиналарды іске қосып, электр энергиясын өндіреді. Турбинадан өткен бу мен жылы су муниципалды жылыту жүйесінен жылу алу үшін жылу алмастырғыштан өтеді. Одан кейін мүйіске емделіп және демалып жатқан адамдарға суды жылы күйінде жібереді.

Ережеге сәйкес демалушылар гигиена ережелерін сақтаулары тиіс. Онда олар суға түсер және шығар алдында душ қабылдаулары керек. Даяшылар тіпті көлде шомылып жүрген кезіңізде де қызмет жасай береді.

Қосылған күні: 17 қараша 2018, 10:23

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.