Постмодернистік бағыттағы бақ

Постмодернистік бағыттағы бақ

Бой жазып, серуендеп қайтуға арналған саябақ Шотландияның Дамфас қаласының оңтүстік-батысында орналасқан. Ғаламдағы ең ерекше жерлердің бірі. Аталмыш туынды постмодернистік бағыттағы атақты екі сәулетшінің қиялының негізінде жасалған. Олар - Чарльз Дженкс және оның әйелі Мегги Чесвик.

1988 жылы Портрэк Хаустан Меггиге мұра болып қалған жерге ерлі-зайыптылар ғаламның кішкене үлгісіндегі бақ саламыз деп шешім қабылдайды. Онда жердің жаратылуы, дамуы, осы шексіз кеңістікте ғылымның жарқын рөлін көрсету секілді идеялар желісінде құрастырылады. Жоба барысында Чарльз фрактальді геометрия негізінде жұмыс жүргізсе, қытай бағын әрлеу стилінде жұмыс жасап жүрген Мегги қытай философиясымен қанаттанады. Жоба 1989 жылы аяқталды. Нәтижесінде қытай суреттеріндегідей толқындар бедерленген, бір қарағанда ғарышты еске салатын 16,2 гектар аумақты алып жатқан саябақ салынды.

Сәулет өнерінің атақты сыншысы, жаңашыл бағытта дизайн құрастырушы Чарльз Дженкс онда жүрген кезде адамның тек ақыл-парасаты ғана іске қосылып қоймай, мұнымен қатар жерді алғаш рет танып, сезім мүшелері терең ойға бататындай етіп жасады. Бақтың әр бұрышында ғылымдағы жаңалықтар туралы мәліметтер берілген.

Бақ таңғажайып 5 бөліктен тұрады. Ол бөліктерде геометриялық фигуралар, меруерт белестер, ақылға қонбайтын бейнедегі мүсіндер, күрделі ғылыми тұжырымдар орын алған. Металдан жасалған ескерткіштер де бар. Дженкспен 15 жыл бойы бірге қызметтес болған Смит Джон Гибсонның идеясымен жасалған металл мүсіндер де бой көтерген.  


Суреттегі 25 басқышы бар баспалдақ. Әрбір басқыш адамзат тағдырындағы өтпелі кезеңдерді бейнелейді. 


Келуші «терең ойлана беруден» шаршаған болса, көп ойлануды ұнатпайтындарға арналған күркеге барып тынығуына болады.  


Өкінішке орай Дженкстің әйелі Мегги 1955 жылы қайтыс болған. Бақ бұған қарамастан жыл сайын көркейе түсуде.

Ғарыштық бақ таңқалдырып, ерекше шабыт сыйлайды. Шабыттанушылардың бірі Майкл Гандольфи симфониялық туындысын тарту еткен. 2009 жылы осы туынды «ең жақсы заманауи классикалық композиция» деген атаққа лайық болып, «Грэмми» сыйлығына ие болды.


Жекеменшіктегі бақ болғандықтан келушілерге жылына бір рет есік ашық. Экскурсия болған жағдайда Дженкстің өзі таныстырады, шындығында бұл кей кездері ғана. Келушілерден түскен ақша ғалымның әйелі Мэгги Кесвиктің атындағы онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға арналған көмек қорына аударылады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

99.99 – cөредегі бағалардың сыры
99.99 – cөредегі бағалардың сыры
ER-BATYR. Ержан Есімханов бала тәрбиесі мен ер адамдардың достығы туралы айтады
ER-BATYR. Ержан Есімханов бала тәрбиесі мен ер адамдардың достығы туралы айтады
Безгек – ең көне індет
Безгек – ең көне індет
Қазақтың Жақсылығы
Қазақтың Жақсылығы
Әлемдегі тұңғыш су асты кемесі мұражайы ашылды
Әлемдегі тұңғыш су асты кемесі мұражайы ашылды
Подкаст жазар алдында дауысты қалай күту керек?
Подкаст жазар алдында дауысты қалай күту керек?