Кеште жалқау болмаңыз

Кеште жалқау болмаңыз

Жақсы әдет – тәнге қуат. Кеште ұйықтар алдындағы жақсы әдетті қалыптастырсаңыз сіздің денсаулығыңызға, ұзақ өмір сүруіңізге мол пайдасын тигізері даусыз.

***

Кешкі астан кейін бірден ұйықтау немесе отыру, теледидар көру – денсаулыққа зиянды. Астан соң бой жазған дұрыс. Үй маңындағы ауасы таза, ағашы мол жерлерде бой жазып, сейіл құрғаныңыз абзал. Бұл ас қорытуға ғана емес, үлкен мидың демалуына да пайдасын тигізеді.

***

Ұйықтар алдында беті-қолыңызды жуып ұйықтаңыз. Мұнда ең абзалы суық су істеткен дұрыс. Бұл бет терісінің серпімділігін арттырып, әжім түсудің алдын алады.

***

Ұйықтар алдында аяқты жылы сумен жуу. Күндізгі қимыл-қозғалыстан соң аяқ аздап ісінеді. Бұл әдетте өзіңізге байқалмайды. Жатар алдында жылы сумен аяғыңызды жусаңыз, ісікті қайтарып, ұйқыңыз жайлы болады.

***

Үнемі дәрет алып жүріңіз. Әр күні таңертең, кеш, тіпті ұйықтар алдында дәрет алған дұрыс. Бұл тазалықсыздықтан болар түрлі аурулардың алдын алуға пайдалы.

***

Ұйықтар алдында күндізгі бетіңізге жаққан түрлі кремдерді әбден жуып кетіріңіз. Өйткені, кешкі тыныста беттегі тері ұлпаларының зат алмасуы тездейді. Сондықтан оған кедергілік жасайтын кремді әбден жуып кетіргеніңіз жөн.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек