Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Қантты немен алмастыруға болады?

Қантты немен алмастыруға болады?

Қантты немен алмастыруға болады?

Денсаулықты күтуге тағы бір қадам жасап, қарапайым қантты пайдалы табиғи дәмдеуіштермен алмастырыңыз. 

Бал

Балдың пайдасы жайлы көп айтуға болады. Ол В2, В6 дәрумендеріне, калий, кальций, магний, фосфор, йод, темір минералдарына өте бай. Антиоксиданттарға толы бал, бактерияға қарсы төтеп бере алады. Сондықтан оны жөтелгенде қабылдау әдетке айналған. Бал қантты толықтай алмастырып, шәйді тәтті қылып, денсаулығыңызға пайдасын тигізеді.

Науат

Науат - жүзім шырынына табиғи бояғыш заттар мен дәмдеуіштер қосылуы арқылы жасалатын дәстүрлі кристалданған қант. Оның көптеген пайдалы қасиеті бар. 

Агава шәрбәті

Агава атты өсімдіктің шәрбәті өте тәтті келеді. Алайда ол ағзаға қантқа қарағанда ұзағырақ сіңеді, сол себепті бірден қан құрамындағы қант шамасын көтермейді. Агаваның қантының 90%-ы фруктоза, ал оны өте көп қабылдау майдың пайда болуына және "жаман" холестеринге әкеле алады. Сол себепті оны өте көп мөлшерде қабылдауға болмайды. Аты экзотикалық болса да, бұндай шәрбәт кең тарап, үлкен танымалдыққа ие.

Кокос қанты

Кокос бұршақтары мен гүлдерінен алынатын қанттың құрамында калий, мырыш, магний, темір болады. Сондай-ақ В дәрумені оны қарапайым қантқа жақсы балама қылады. Алайда, бұндай қантты қарапайым дүкеннен табу қиын, бағасы да қымбат.

Үйеңкі шәрбәті

Үйеңкі шәрбәті - табиғи, пайдалы тағам. Антиоксиданттар, марганец пен мырышқа бай шәрбәттің ерекше дәмі оны тек шайға ғана емес, ботқаларға, йогурт пен тәтті нандарға қосуға мүмкіндік береді.

 

Меласса

Қара патока деген атпен белгілі меласса ақ қантты өңдеу барысында алынатын зат. Оны көп жағдайда шәрбәттарға қосады. Оның құрамында бананнан 70% көп калий, күнделікті темір шамасының 20%-ы, бір стақан сүттегідей кальций бар.

Стевия

Емдік қасиеті бар қантқа жақсы балама. Ондағы калорий шамасы өте аз, бірақ қантқа қарағанда, әлдеқайда тәтті, сондықтан оны көп қосу қажет емес. Стевия қан қысымын төмендетіп, теріні күтіп, иммунитетті жақсартады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: iorganic.ru, quorum.kz

9298 1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 03 сәуір 2013, 15:38
Пікірлер
+0
03 сәуір 2013, 20:50

бал жақсы алмастырғанға

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев