Жеткіліксіз ұйқы геніңізді өзгертеді

Жеткіліксіз ұйқы геніңізді өзгертеді

Апта бойы ұйқының жеткіліксіз болуы 711 түрлі адам генін өзгертіп жібереді екен. Англияның «Күнделік ақпар» газетінің хабарлауынша, Саррей университетінің профессоры Колин Смис тәжірибеге қатысқан 25 адамды екі топқа бөліп, бір тобына апта бойы әр күні түнде 6 сағатқа жетпейтін уақыт мөлшерінде ұйықтауды тапсырса, келесі бір тобына апта бойы әр күні 10 сағаттан артық ұйықтауды тапсырған. Бір апта өткеннен кейін олардың қан үлгісіне тексеру жүргізген. Нәтижесінде ұйқысы жеткіліксіз болған топ адамдарының денесіндегі 711 түрлі геннің қызметінде өзгеріс болған. Бұл өзгерістер негізінен органикалық заттардың жаңалануы, қабыну, қарсылық қуаттың төмендеуін қамтиды екен. Ұйқының жеткіліксіз болуы биологиялық сағаттың ритімін бұзып, адамды рухани орнықсыз күйге түсіреді. Сондықтан әр күні 6 сағаттан артық ұйықтауға кепілдік етіңіз. Егер ұйқы белгілі себептермен дұрыс болмаса, оны күндіз толықтыруға тырысыңыз.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan